03 Маусым, 2019 Әлеумет
Бақыт Сұлтанов Үкімет үйі алдында жиналған көпбалалы аналарды жеке қабылдай бастады
Елорданың әкімі Бақыт Сұлтанов пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев әлеуметтік қорғау министрлігінде көпбалалы аналардың жеке қабылдауын бастады.
Әкіммен бірге қабылдауға ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев қатысты, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Көпбалалы аналардың бәрі (шамамен 70 адам) - үкімет ғимаратының алдындағы іс-шараға қатысушылар. Олар мемлекет басшылығымен кездесуді талап етті.
Олардың басты талаптарының бірі жекеменшік баспана беру жөнінде болды. Көпбалалы аналар 10 пайыздық бастапқы жарнаның күшін жоюды, ипотека бойынша жылдық 2 пайыздың күшін жоюды (пәтерді сатып алуға бөліп төлеуді енгізу), тұрғын үйді жалға емес бірден меншікке беруді талап етті.
Айта кетерлігі, көпбалалы аналардың бәрі осыған дейін қала әкімінің және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың жеке қабылдауында болған. Ал көтерген мәселелері осыған дейін қала басшылығы мен министрлік тарапынан шешімін тапқан. Оларға көпбалалы отбасыларға тиесілі атаулы әлеуметтік көмек және жәрдемақы алу, сондай-ақ көпбалалы отбасылардың балаларына берілетін жеңілдіктер туралы кеңестер берілді.
Қала басшылығы көпбалалы аналардың балаларын балабақшалардағы орындармен (соның ішінде инклюзивтік) қамтамасыз ету жөніндегі барлық өтінішін жедел шешті.
Әкімдік балаларды жазғы лагерлерге берілетін тегін жолдамамен қамтамасыз етті. Жалпы оқу шеңберінде аз қамтылған көпбалалы отбасылардың барлық оқушысына кеңсе тауарлары мен киім-кешек берілді. Тілек білдіруші ата-ананың бәріне жұмыс орындары немесе оқу курстарына жолдама берілді.
Ал "қысқа мерзімде баспанамен қамтамасыз ету» туралы талабына осыған дейін бірнеше рет тұрғын үй заңнамасының, "Баспана" бағдарламасының және кезекте тұрғандардың тұрғын үй алу ережесі туралы түсіндірілген. Елордада муниципалды баспаналардың құрылыс көлемі артып келе жатқанын Бақыт Сұлтанов осыған дейін де бірнеше рет мәлімдеген.
"Биыл біз кезекте тұрғандарға 900 пәтер (былтыр 182) тапсырамыз. Жыл сайын берілетін муниципалды пәтерлердің санын арттыру үшін тырысамыз. Бірақ заң бойынша менің мүмкіндігім шектеулі. Біз демеушілерді қызықтырып жатырмыз. Ал күмәнді жайт туындамас үшін бұл пәтерлерді ортақ кезекпен береміз", - деді әкім.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір