• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 02:33:09
Алматы
+12°

04 Наурыз, 2015 NEWS

Ең үздік облыс байқауы: Маңғыстау облысы  көш бастады!

Биыл 2015 жыл Қазақстан халқы үшін дүбірлі оқиғаларға толы жыл болмақ. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығы, Фашисттік Германияны...

 Биыл 2015 жыл Қазақстан халқы үшін дүбірлі оқиғаларға толы жыл болмақ. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығы, Фашисттік Германияны жеңгенімізге 70 жыл т.с.с. Мемлекет деңгейінде осындай орасан мәнге ие мерекелермен қатар, биыл Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өткізілетіні тағы бар. Ал Елбасы өзінің биылғы жолдауында "дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатымызды" баса айтқан болатын. Сондай-ақ,  2020 жылға қарай қазақстандықтардың жан санын 20 миллионға жеткізу де әлдеқашан жоспарланған.

Ал Мемлекет басшысы қойған межеден көрінуге облыстарымыз дайын ба? Осыған орай,  Qamshy.kz  порталы сайтымызда "Ең үздік облысты таңдаңыз" деген халықтық сауалнама жүргізген болатын. Сауалнаманың талаптары бойынша дауыс беруші – жолы, экономикасы, мәдениеті, баспасөзі, туризмі, медицина, ХҚК салалары бойынша өздеріне ұнаған облысқа өз дауысын берген. Дауыс беру әділ болу үшін бір компьютерден тек бір рет қана дауыс беру мүмкіндігін ұсынғанбыз.

Сонымен, Қазақстанның 14 облысының ішінен ең үздігін таңдау қорытындысы төмендегідей болды.

Жалпы, сауалнамаға барлығы - 11 мыңға жуық адам қатысқан. Солардың - 4000-нан астамы дауыс берген. 500-ге жуық адам пікір жазған.

krymbek_kosherbaev-baq.kz_

Біз жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша алғашқы үштікті Қызылорда облысы түйіндейді. 600-ге жуық адамның дауысын жинаған Қызылорда облысы  Қырымбек Көшербаев мырзаның тізгін ұстауымен біраз биіктерді бағындырып келеді. Естеріңізде болса, «Жаңаөзен» қасіреті кезінде осы Қырымбек мырза Маңғыстау облысының әкімі еді. Яғни осы оқиғаға байланысты біраз «жаман аты» шыққан. Енді міне өзі туған өңірі Қызылорданың көшін алға сүйреуге мықтап кіріскен сияқты.

Ал екінші орында ОҚО жалпы есепте 1000-ға жуық дауыс жинаған.

Айта кетерлігі –  Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық өсімі өз алдына. Әсіресе, әкімшілік аппаратына Берік Уәли мырза барғалы бері оңтүстіктегілердің имиджі барған сайын биіктеді десек артық айтқандық болмас.  Атап айтар болсақ - Тәуелсіздік мерекесін тойлау, науырыз мейрамын қарсы алу, ескерткіштер, Жеңіс солдаттарын 70 күн ұлықтау, Қазақстандық өнімдерді қолдау акциясы секілді маңызды шаралар жұртқа етене таныс.

Ал сауалнама қорытындысы бойынша ең көп дауысқа ие болып,  дауыс берушілердің 30 пайызға жуығы, яғни 1200 адамның дауысын жинаған  Маңғыстау облысы – Қазақстанның ең үздік облысы атанды. Алик Айдарбаев мырза басшылық ететін облыс қалай үздік атанды? Біз Маңғыстау облысында атқарылған бірнеше игілікті жұмыстардың тізімін жасап көрдік.alik-aidarbaev

  1. «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде орталықтандырылған су жүйесімен  қалалық жерлер - 87 %-ға, ауылдық жерлер - 28 %-ға қамтылған.
  2. Тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында биылғы жылы Ақтау қаласының 2-ші, 3-ші, және 3-ші «а»  шағын аудандарындағы 10 тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.
  3. Облыста «Балапан» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 3 жас пен 6 жас аралығындағы сәбилерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жүйелі қолға алынған.Яғни бұл күнде балабақшамен қамту – 81 % болса, 2020 жылға дейін балабақшамен қамтуды 100 %-ға жеткізу жоспарланған. Осы нәтижеге жету үшін биылдың өзінде 660 орындық 4 бала бақшаның құрылысы бітіп, пайдалануға берілген.
  4. Биылғы жылы «Қолжетімді тұрғын үй - 2020»бағдарламасының барлық бағыттары бойынша 487 мың шаршы метр үйді пайдалануға беру жоспарланған.  Қазіргі уақытта оның 280 мың шаршы метрі қолданысқа берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 %-ға артқан.
  5. Маңғыстау облысында жылдан жылға халық саны да артып келеді. Бүгінде облыста 595 мың адам тұрады, ал жыл сайынғы өсім көрсеткіші 4%-ды құрайды.

Сондай-ақ, өңірдегі жалпы ішкі өнімнің қорытындысы бойынша тұрақты өсім - 1 трлн. 880 млрд. теңгені құраған. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім бойынша облыс басқа өңірлер арасында төртінші орында. Ал Маңғыстау облысындағы ең жоғарғы жалақы көрсеткіші - 222 мың теңгені құрайды екен.

 «Бәрекелді» дейік! Іс ілгері болсын!

Ал қай облыстар көштің соңында қалды? Qamshy.kz  порталы жүргізген сауалнама қортындысы бойынша ең төмен дауыс жинаған - Солтүстік өңірлер болды. Жалпы дауыс берушілердің 0 пайызын жинаған СҚО-ға бар-жоғы 13 адам дауыс берген. Ал Ақмола облысына дауыс бергендердің саны - 19 адам. Ең сорақы нәтежиелерге ие болған  солтүстік облыстардың үштігін Қостанай облысы бастап-ақ тұр. Қорытынды нәтежиеде 1 пайызға әупірімдеп жүріп ілінген Қостанай облысына не бәрі- 38 адам дауыс берген. Күн сайын 20 мыңнан астам оқырманы бар сайтымызда жүргізілген сауалнамаға Солтүстік Өңірлерден тым құрығанда 50 адам үн қатпағанына таңғалдық. Бұл Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола сияқты өңірлердің Мемлекеттік тілге пысқырмайтынын тағы бір дәлелдегендей болды. Соған қарағанда бұл облыстар Президент Нұрсұлтан Назарбаев қадағалап отырған, Солтүстіктегі бос жұмыс орынына Оңтүстік тұрғындарын тарту сынды Ұлы бастамағадада «пішту» дейтін сияқты.

Ал Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары өгіз өлмейтін, арба сынбайтын бел ортаны көрсетті.

Әрине, «Ең үздік облыс» таңдауы мұнымен шектелмейді. Дегенмен күніне 20 мыңнан астам оқырманы бар, Қазақстандағы қазақтілді сайттардың көш басында келе жатқан «Қамшы» сауалнамасынан да біраз нәрсені аңғаруға болатын сияқты. Алда «Ең үздік» айдарымен әлі талай саңлақтарды сараптайтын боламыз.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір