• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 16:23:32
Алматы
+12°

29 Қаңтар, 2013 NEWS

Қазақ Қытайдың көшпендісі емес!

Қытай елі  қазақтың  ұлттық  мәдениетіне  шындап ауыз  сала  бастағандай.    АҚШ- тың EurasiaNet   (http://www.eurasianet.org)   сайты  қазақ  халқының  музыка...

 Қытай елі  қазақтың  ұлттық  мәдениетіне  шындап ауыз  сала  бастағандай.    АҚШ- тың EurasiaNet   (http://www.eurasianet.org)   сайты  қазақ  халқының  музыка мәдениетін  «Қытай  көшпенділерінің  музыкасы»   ( The  music  of  China’s  nomads ) деген  мазмұнда ақпарат  таратуда.

Редакциясы  Нью-Йорк қаласында  орналасқан,  әлемге  Орталық  Азия,  Кавказ  және Таяу  Шығыс және  Оңтүстік-Батыс  Азия  туралы  ақпарат  тарататын  EurasiaNet порталы  қазақтың  музыка  өнері  туралы  мағлұматты      Қытайдың  атынан  жариялапты.  Сайтта       «Қытай  көшпенділерінің  музыкасы»   деген  тақырыппен  Қытайдың  Шыңжаң  өлкесіндегі   қазақтардың  дәстүрлі  музыкалық  аспаптары:   сыбызғы,  қобыз,  домбыра туралы,  қазақ  музыка  өнерінің  қалыптасу тарихы мен  табиғаты,  ауыз  әдебиеті  мен айтысқа   ерекше  тоқталып, кешегі  және  бүгінгі  хал-ахуалы  туралы  жазыпты.   Сондай-ақ, төл  музыкамызға     байланысты  түрлі   суреттер  мен  бейнематериалдар  жүктелген.  Өнерпаздардың  сұхбаттары, аудиожазбалары да  табылады. Жалпы  қазақ  музыка өнерінің  ерекшелігі  туралы  жүйелі  ақпарат  жарияланған.

Сырт қарағанда дұрыс-ақ.  Сайттағы  мәліметтердің  бәрінде  Шыңжаң  өлкесіндегі  қазақтардың  мәдениеті  туралы  айтылады.  Алайда  өзекті  өртейтіні,  біріншіден,   онсыз  да  қытайландыру  саясатының   теперішін  көріп  отырған  Қытайдағы  қандастарымызға  енді     «Қытайдың  көшпендісі»  деген айдардың  тағылғаны.  Арабтың   бәдуині,  Еуропаның   сығандары  секілді   «қытайдың көшпендісі»  деген  ұғым да санаға  жағымсыз  әсер  ететіні сөзсіз.

Екіншіден, тамыры  тереңде  жатқан,  бояуы  жарқын,   бай  да құнарлы   рухани   қазынамызды   шетелдерге   өзіміз  таныта  алмай,    өзгенің  атымен  таратылуы  да  ұлттығымызға  сын.  Бұлай  дейтініміз,  қазақ  музыкасын,  жалпы  алғанда  мәдениеті  туралы  ағылшын  және  басқа  да шетел  тілдерінде  әлемдік  ғаламторда  бірде-бір  жүйелі  ақпарат  көзі  жоқ.  Сондықтан    қанатын  кеңге  жайып  үлгерген   EurasiaNet   секілді  порталдың  ақпараты   сенімді  әрі  көпке  таратылады. Бет-бейнесі  көмескіленіп,  өзін  ұлт  ретінде   мойындата  алмай  отырған  қазақты  әлем  елдері   Қытай  құрамындағы этнос  ретінде  қабылдамасына   кім кепіл?  Халықаралық дипломатияда: «Біз әрбір елмен тереземіз тең, дәрежеміз де тең. Өзімізге өзіміз қожа бола отырып, өзге елдермен тең тұрып қарым-қатынас жасаймыз»  дегеннен жаңылмайтын Қытай жұрты   өз териториясында жасап жатқан  қазақтардың мәдениетін  насихаттай  отырып, олардың  қамқоршысы ретінде   көрінгісі келеді. Осындайда белгілі тарихшы Әлімғазы Дәулетханұлының «Қытай қазір 1,5 миллион қазақ Қазақстанға қосыла ма, жоқ әлде 9,5 миллион Қытайға қосыла ма?» деген сөзі еріксіз ойыңа оралады.

Әлемде  қазақ  деген  халық  біреу-ақ,  оның  әдебиеті де мәдениеті  де,  өнері  де  біреу.  Олай  болса,  шетел  қазақтарының  да  мәдениеті  қазақ  мәдениетінің  ажырамас  бір  бөлігі. Ең өкініштісі, сол ұлы дала мәдениетін бүгінгі миллардтар елі өз құндылығы ретінде әлемге паш етуде.

Сіз не дейсіз, Алаш баласы!

Жәния Әбдібек

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір