14 Қаңтар, 2013 NEWS
Қазақ сайттары редакторларының жиыны Астанада өтеді
Естеріңізде болса өткен жылдың соңында белгілі саясаткер Ерлан Қарин, «abai.kz» ақпараттық порталының үйлестірушісі Айдос Сарым бастаған бастамашыл топ қаңтар...
Естеріңізде болса өткен жылдың соңында белгілі саясаткер Ерлан Қарин, «abai.kz» ақпараттық порталының үйлестірушісі Айдос Сарым бастаған бастамашыл топ қаңтар айында Қазақ сайттары редакторларының бірінші конференциясы өтетінін хабарлаған. Енді, міне аталмыш жиынның 22 қаңтарда Астана қаласында өтетіні жария болды.
Мұндай келелі жиынға Қытайдағы қандастарымызда үн қосып отыр. «Сен-Қазақ» ақпараттық порталының жетекшісі Ақытбек Шеризатұлының ұйымдастыруымен «Қытайдағы қазақ сайттары редакторларының жиыны» 26 қаңтарда Үрімжі қаласында өтетін болды. Бұл шетелдегі қазақтардың көк туға қарап бой түзеп отыратындығының тағы бір белгісі болса керек. Ең бастысы, Атажаұртта басын қоса алмаған 15 миллион қазақтың ғаламторда бір ниет, бір тілекте жұмыс жасап отырғандығы қуантады.
Мейлі қай жерде өтседе «Қазақ сайттары редакторларының жиыны» толғағы піскен, уақыты жеткен келелі жиын болғалы тұр. Өйткені ғаламтор шекарамен шектелмейді. Сондықтан мұндай жиынның атқаратын шаруасы шаш-етектен. Бұл шындап келгенде жақын болашақтағы бар қазақтың бағдарын белгілейтін жиын болмақ.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір