• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Қараша, 15:33:00
Алматы
+12°

05 Желтоқсан, 2014 NEWS

Ұлт және дін – Қазақстанда 4500 секта жұмыс істейді

Бүгінде бүтін Исламға бүлдіргі салушылар көбейді. Дәстүрлі дініміздің атын жамылған лаңкестік топтар апаттар ұйымдастырып, жарылыстар жасап жазаланар тұсы...

Бүгінде бүтін Исламға бүлдіргі салушылар көбейді. Дәстүрлі дініміздің атын жамылған лаңкестік топтар апаттар ұйымдастырып, жарылыстар жасап жазаланар тұсы діннің тасасына тығылуы үйреншікті жайтқа айналды. Әлем Ислам дінімен террористік әрекетті синоним ретінде қарастыра бастады.

Неше түрлі адасқан топтар ұстағаны Құран болғанымен ұстанған ұраны басқа болып, бейбіт елге берекесіздік кіргізді. Осындай содырлық әрекетердің барысында халықтың дінге деген көзқарасы түбегейлі өзгермесе де «өзіндік» болжамдары шыға бастады. Діндегі жаңалықтар көбейді. Бүліктің басы бізге де жетті. Қазір қызу талқының төрінде тұрған соңғы жеткен сорақы ақпарат Сириядағы содырлардың бұрын «біздің» бүлдіршін болған балғындарға бұзақылықтың басын үйретіп, бейбіт күннің шырқын бұзуға үндеп отыр. Бес жасар бала «Кәпірлер, біз сендерді қырамыз, муджахит боламыз!»- дейді. Олардың түсінігінде намазға жығылмаған адамның бәрі кәпір. Өмірге деген өзіндік көзқарасы қалаптаспай жатып, өлім жайлы өрекпіген ортада өскен баланың ертеңі не болмақ? Қазақ едік дегенді қойып, қаза болған намазымызды түгендеп, ата-баба артынан атқан оғының ізімен атттандырып отырса оңған күй, берік босағаңнан не қайыр?!

665

Ел боламыз деп бесік түзегенде, бесігімізде жатқан бүлдіршіндеріміз ана сүті аузынан кеппей «ажал» жайлы әңгімені анық айтып отыр. Бұл діндегі еркіндіктің ертеңімізге жасаған үлкен қатерлі шабуылы болмақ. Қазақстанның негізгі діні Ислам болғанымен басқа да діндерге кеңшілік жасаған. Қазір секталардың көбейгені соншалық, тіпті санынан жаңылуға барасың. Олардың дандайсығаны соншалық пәтерлеріміздің есігін қағып: «Өмірлеріңізді өзгерткілеріңіз келеді ме? Қиындықтан қалай құтылудың жолын үйретеміз!» - деп те Саентологиясының насихатын жүргізді. Басында мән бермеген халық кейіннен барып кесірін түсініп суық қарай бастады.

Қазақстандағы теріс ағымдардың кең етек алуының негізігі себептерінің аталмыш секталарға біздің сұраныстардың көпшілігінде . Кемінде әр аталған сектаның 1 000 – даған тұрақты тұтынушылары бар. Ресми деректерге сүйенсек қазір Қазақстанда 4500-нан астам секталар жұмыс істейді екен. Дін істері жөніндегі агенттіктің мәлімдуінше бұл секталар Қазақстан Тәуелсідік алмай тұрып келген көрінеді. 2012 жылғы қайта тіркеу науқанында 4551 ұйымнан өздерін заңнамалық тұрғыдан рәсімдеген 3088 қалған. Қазіргі таңда Қазақстанда тиым салынып Ислам атымен шығып жүрген секталар мыналар екен:

Ал Каида. Негізін қалаушы Саудиялық исламшы Усама бен Ладен. Алла Аят. Негізін қалаушы Абдулллаев Фархат Мухаммедов. Алматы облысы, Шонжы ауданы. Асбат әл-Ансар. Өзге лақабы: Партизандар лигасы. Негізін қалаушы Шейх Хисам Шрейди Аум Синрике. Негізін қалаушы жапон Секо Асахара Боз Гурд. Негізін қалаушы әзірбайжандық палковник Алпарыслан Түркеш Мұсылман бауырлар. Негізін қалаушы Хасан әл-Банна Орталық Азиядағы муджахид жамағаты. Өзбекстан , Қырғызстан, Қазақстан, Ресейде өкілдері бар. әл Каиданың орта Азиядағы филиалы Шығыс Түркістандағы Ислам партиясы. Негізін қалаушылар Айсан Махсум мен Абдуқадир Япуцюань Өзбекстандағы Ислам қозғалысы. Негізін қалаушы Тахир Юлдашев Күрд халық конгресі. Негізін қалаушылар Абдулла Оджавин Лашкар и Тайба. Негізін қалаушылар Хафиз Мухаммад Саид Әлеуметтік реформалар ұйымы. Қазақстанда 1998 жылдары болған. Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы. Негізін қалаушылар Майматин Айзлат Талибан қозғалысы. Негізін қалаған молда Мухаммед Омар Хизбут Тахрир әл- Ислам. Негізін қалаушы Тақуиддин ан-Набхани Филасин. Осы аты аталған лаңкестік ұйымдар талай елдің тыныштығын бұзды. Бұл тек теріс ағымдардың бір парасы. Халықтың діни сауатының төмендігін пайдаланған олар өз мақсаттарына оңай жолмен жетіп жүр. Бізде «Иегово» орталығы мен «Грейс» шіркеуі де қарқынды жұмыс істеп жатыр. Елбасына ашық хат жазатын дәрежеге де жеткен. Христиан дініндегілер өздері адасушы бола тұра, іштерінен өздері адасушы деп тапқан секталар шыққан. Мысалға: «Благодать», «Мармондар», «Сатанизм» толып жатыр. Ғаламтор бетінде кей қазақтардың да нәсрәни дінін қабылдап жатқандығы туралы видеолар шықты. Тіпті қос қазақ ана тілімізде Исаға арнап ән де айтады https://www.youtube.com/watch?v=hfxHnH9p0_I. Біз ата-баба дінімізді толыққанды халық болып қабылдап, ілімін танымасақ мынандай адасушы топтардың қақпанына оңай түсіп қаламыз. Сирияға кеткен жастарымыздың да осындай мәселелерді теріс түсінгенінен туындап жатыр емес пе? Ұрпағымыз ұнталып кетпес үшін ата дініміз бен ұлттық тәрбиемізді қатар дамытуымыз керек. Әйтпесе, «тентегіміз» террорист, «соқтарымыз» содыр болып кетпеуіне кім кепіл?!

Орынбасар Бақытбек

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір