• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 03:24:04
Алматы
+12°

28 Ақпан, 2014 NEWS

Әмбебап полицияның "дәрет" аңдығаннан басқа шаруасы жоқ па?

«Полицейлер қолына «қызыл куәлік» түскеннен кейін ол өзін патша, тәңір ретінде сезінеді.

«Полицейлер қолына «қызыл куәлік» түскеннен кейін ол өзін патша, тәңір ретінде сезінеді. Оған жалақыны кім төлеп жатқанын ұмытып кетеді, ал оны халық төлеп жатыр!» Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жақында ғана  Бас прокурорға қарата айтқан сөзінде осылай деп еді. Міне, бүгін парламент мінберінде қаралып жатқан заң-жобасы да осы сақшы мырзалардың тәртібін күшейтетін көрінеді. Әттең, Елбасының сөзі, қаралымдағы Заң – «Әмбебап» аталған пагондылардың құлағына әлі кірмеген сияқты.

«Естіген құлақта жазық жоқ». Жақында көліктің дөңгелегіне жел толтыру үшін Рысқұлов-Емцов көшелерінің қиылысындағы «СТО»-лардың біріне барғанмын. Бір топ жігіттің ішек-сілесі қатып, дабырлап айтысып жатқан әңгіме ауанына еріксіз құлақ түрдім. Сөйтсем, осынау қатардағы «СТО»-лардың арт жағындағы бір қуыста дәрет сындырған бірнеше жігітті «әмбебап» полицейлеріміз дереу «құрықтап», айыппұл салып, тіпті, абақтыға тоғытатындарын айтып, әбден састырыпты. Ақыры айыппұлдарын төлеп әрең құтылған екен.

Сөйтсек, "әмбебаптардың" әлеуеті күшті сияқты. Анау қуығы сыздаған жігіттердің меңзеген тұсын байжаласам, қайдағы бір қалтарыс. Соның өзін байыппен бақылап, қалай шалбарын шешті, қалай дәретке отырды бәрін қалт жібермеген көрінеді. Сақшыларымыз сақ екен дейміз бе, бұған не дейміз? Әлде, полицейлерімізге азаматтардың ауын аңдығаннан басқа жұмыс қалмаған ба? Қылмыстың бәрі ашылып, қоғамдық тәртіп сақадай-сай болғаны ма?

Басқа мемлекетті қайдам? Біздің елдің құқық қорғаушыларының қызметі мүлдем «ауысып» кеткен. Өзге жұрттар жол ережесін бұзсаң, ескертіп, дұрысын айтады, халықты соған тәрибелейді. Полициясы халықтың қорғаны. Дәрет сындыратын жер іздеп жүрсең тауып береді... Ал бізде бәрі керісінше. Жол ережесін бұзса екен деп тұрады, дәрет сындырғалы тұрсаң «қашан шешеді» деп күтіп отырады.  Бұл не сұмдық?

Қазақша айтқанда, «тілеуі жаман».

Хазірет Әбділда

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір