• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 03:51:38
Алматы
+12°

26 Ақпан, 2014 NEWS

QNET: Біз қаржылық пирамида емеспіз

Естеріңізде болса,  осыдан біраз бұрын порталымызда  "Жалғас Иманалиев: Qnet-тің күйттегені  не?" атты  сұхбат  жарық көрген  еді... Сондағы   Qnet...

Естеріңізде болса,  осыдан біраз бұрын порталымызда  "Жалғас Иманалиев: Qnet-тің күйттегені  не?" атты  сұхбат  жарық көрген  еді... Сондағы   Qnet компаниясына қатысты кейбір мәліметтер жалған деп түсініктеме беруде компания мамандары. "Қамшы" еркін ақпарат алаңы. Сондықтан, тиісті пікір, айтар уәж болса әрқашан мархабат, құрметті оқырман!

Құрметті, "Қамшы" порталы!

6 ақпанда Qamshy.kz ақпараттық порталында жарияланған «Жалғас Иманалиев, PR-шы: QNET-тің күйттегені не?» жарияланымындағы ақпарат нақтылыққа сәйкес келмейді, ал мақалада келтірілген кейбір деректер – жалған. Сонымен қатар, QNET компаниясының қызметі мен желілік маркетинг индустриясына қатысы жоқ Иманалиев мырзаның түсініктері негізінде жасалған қорытындылар негізсіз.

Сіздердің назарларыңызға іс пен деректердің шынайылығы мынадай екендігін мәлімдейміз:

QNET компаниясы қаржылық пирамида болып табылмайды. Қолданыстағы заңнамаға, халықаралық құқыққа және Қазақстан Республикасының аумағындағы қаржылық пирамида қызметтерінің алдын-алуға бағытталған "Қаржылық (инвестициялық) пирамидалар қызметтеріне қарсы тұру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қабылданған Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржылық пирамида ақшаны немесе өзге де мүліктерді тартудан табыс алу (мүліктік пайда) бойынша қызметтер немесе осы активтерді қайта бөлу және басқалар жарнасының есебінен бір қатысушыны байыту арқылы қабылданған міндеттемелерді қамтамасыз ететін кәсіпкерлік қызметтерге тартылған қаражаттарды пайдаланусыз жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары ретінде анықталады. Сонымен қатар, желілік маркетинг пен тікелей сауда нарығында жұмыс істейтін заңды компаниялардың қызметі қаржылық пирамидалардан мынадай өлшемдермен ерекшеленеді: Заңды компаниялардағы Тәуелсіз Өкілдер (дистрибьюторлар) компания өнімін сату есебінен процент алады.Дистрибьюторларға өзінің комиссиялық процентін алу үшін жаңа адамдарды тарту қажет емес, өйткені оларға сатылым есебінен сыйақы беріледі. Қаржылық пирамидада Сіздер компанияға жаңа қатысушыларды тартпайынша, ешқандай қаржылық қайтарым жоқ. Бәрінен бұрын қаржылық пирамидалардан айырмашылығы, мұнда Сіздер бастапқы инвестициялардан ешқандай өнім/қызмет ала алмайсыз, заңды компаниялар сапалы және пайдалы өнімдерді сатумен жұмыс істейді. Мысалы, QNET бүкіл әлем бойынша адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қабілетті эксклюзивті, инновациялық және жоғары сапалы өнімдерді жасап шығару зерттеулер мен әзірленімдерге миллиондар жұмсайды. Соған қарамастан, спикердің «мен «тайт» ұнтағын алып, оның сыртына басқа қаптама кигізіп, жанына тағы бір әдемі екі зат қостым делік» деген пікірі жалған және негізсіз болып табылады. Желілік маркетинг – бұл «қалай тезірек баюға болады» деген схема емес. Сіздерге баюдың оңай жолын табуға уәде беретін кез-келген компания (әсіресе пирамида құру арқылы) мүмкін жұмыстың  алаяқтық тетіктерін пайдаланатын болар. QNET бизнес жүргізудің бірегей мүмкіндігін ұсынады, алайда табысқа, егер Сіздер қолдарыңызды бір сілтемей, жұмыс істеген және мақсатқа жету үшін тиісті күш-жігерді жұмсаған жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Сонымен қатар кез-келген бізнесті дамыту уақытты талап етеді, сондықтан жылдам табыс алуға уәде беру – қаржылық пирамиданың белгісі.

 Компанияның нарыққа ұзақ мерзімді қатысуы. Компанияның желілік маркетингтен аса маңызды айырмашылығы – нарыққа ұзақ мерзімді қатысуы. Журналист атап өткендей, «компания 1998 жылдан бері 14 жыл көлемінде жұмыс жасап келеді». Нақты стратегиясы мен бизнесті дамыту түсінігі болмаса, нарыққа қатысудың мұндай мерзіміне жету мүмкін емес. Қаржылық пирамиданың өмір сүру кезеңі  болмашы ғана, жарты жылдан бастап, ең көп дегенде үш жыл.

QNET компаниясының бизнес-моделі екі саланың – электрондық коммерция мен тікелей сату принциптерін байланыстырады. QNET өнімдерін сатып алған кезде кез-келген клиенттің тәуелсіз өкіл (ТӨ) немесе жай ғана тұтынушы болуға мүмкіндігі бар. Бұл кезде ТӨ болу үшін не-бәрі 30$ көлемінде жарна енгізуіңіз және қызметтер мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлемдерін заңды жүргізу мақсатында өзіңізді жеке кәсіпкер ретінде тіркеуіңіз қажет. Сондықтан «Qnet-ке кіру үшін сіз 3000 бивиге (биви-салымшының ақшасына сатып алынған ұпай) зат сатып аласыз» деген пайымдау жалған. ТӨ комиссиялық процентті өзінің тікелей рефералдарының (басқа қатысушының ұсынуы бойынша тіркелген серіктестік бағдарламасына қатысушылардың) өнімдерді/қызметтерді сатуынан, сондай-ақ оның командалары мүшелерінің рефералдары арқылы жасалған тауарларды/қызметтерді сатып алудан табады. Комиссиялық проценттің рефералдарды тарту негізінде емес, тек тауарларды/қызметтерді сату негізінде ғана төленетінін атап өткен жөн. Солай болса да, «Сен 500 доллар беріп, артыңа адам жинайсың» деген пікір шындыққа жанаспайды.

Сондықтан, QNET компаниясының қаржылық пирамида болып табылмайтыны туралы тезис қате болып табылады, ал LBM компаниясымен салыстыру және «Шартты түрде бұл барып тұрған «лохотрон» деген сөйлем субъективті қате болып табылады және абырой-беделге залал келтіреді.

«Орифлейм», «Тяньши» сияқты компаниялардың тауарларын өткізу үшін адамдар сол заттарды барынша жарнамалайды, сатушылардың ойын­да тек бір ғана мақсат бар» деген тіркестегі Oriflame және Тяньши сияқты компанияларды еске алсақ, сондай-ақ олар да желілік маркетингтік компаниялар болып табылады, барлық индустрияны қаржылық пирамидаларды анықтаумен жүргізеді. Ол "Қаржылық (инвестициялық) пирамидалар қызметтеріне қарсы тұру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитеттің мүшесі Владимир Бобровтың өзінің бір сұхбатындағы сөзіне қайшы келеді.

«QNET-ке» және Қазақстандағы  QNET агенттігі болып табылатын Diamond Agencies LLP агенттігіне осы мәселе бойынша Qamshy.kz ақпараттық порталының редакциясынан, не жеке журналист Замира Пулатовадан сауалдар түскен жоқ, соған қарамастан, ақпарат пен байланыс компанияның http://www.qnet.net/ru/ ресми сайтында еркін мүмкіндікпен орналастырылған және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің тарапынан сауалдарға арналған арнайы үлгі бар. Сайт ТМД елдерінің журналистеріне ыңғайлы болу үшін орыс тілінде жұмыс істейді. Сонымен бірге  “Тақырыпқа өзек болған компанияға адам шақыру алдында, қызметкерлер барлық мәліметтерді құпия ұстайды” деген пайымдау да қате.

Ақпарат талдамасының, мәселелер қоюдың, сұхбат алу құрылымының жоқтығы, сондай-ақ сарапшылар ретінде Әл-Фараби Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушыларын пайдалану, олар ресми биографияға сәйкес ешқашан тікелей сауда саласында және басқа да релеванттық бизнес-ұйымдарда жұмыс істемеген, бұл жерде ақпараттың мұндай деректеріне назар салмаушылық QNET компаниясының өзіне, Қазақстанның тікелей сауда ассоциациясына, сондай-ақ маркетинг және экономика саласындағы көптеген басқа да сарапшыларға журналистің объективтілігі мен оның кәсіби этика стандартымен жұмыс істемейтіндігіне айтарлықтай күмән туғызды. Жарияланған материалдың құрылымы мен бағыты ақпаратқа әдейі субъективті қатынаста қарағаны және жарияланым авторының тарапынан, сондай-ақ әңгімелесуші тарапынан деректер мен нақтылықты әдейі бұрмалағаны туралы ойға алып келеді.

Жоғарыда мазмұндалғандарды ескере отырып, Сіздерден мақаланы түзету/теріске шығару мүмкіндігін қарастыруыңызды өтінеміз. Сондай-ақ,  аталған тақырыпқа қайтып келген жағдайда, тікелей QNET компаниясына хабарласуларыңызды сұраймыз. Біздің тарапымыздан біз қажетті ақпаратты беруге және барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап беруге міндеттенеміз!

Құрметпен,

Тим Гарни, QNET заңды мәселелер жөніндегі аға консультанты

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір