26 Ақпан, 2014 NEWS
Қазақты атқан шешендер сотталды
Естеріңізде болса былтыр Алматы облысы Шеңгелді ауылында екі шешен жігіті автоматпен екі қазақты атып тастаған. Мадияр Ақжолтаев деген Азамат сол жерде қаза...
Естеріңізде болса былтыр Алматы облысы Шеңгелді ауылында екі шешен жігіті автоматпен екі қазақты атып тастаған. Мадияр Ақжолтаев деген Азамат сол жерде қаза тапқан, екіншісі Ерсайын Әміреев аман қалған.
Кеше сотың үкімі шықты деп жазада Мұхтар Тайжан өзінің фейсбуктегі парақашсында.
– Оқ атқан шешен 19 жыл алды (макс 20 жыл), қатаң режим, конфискация. Қасында болған шешен 6 жыл алды, жалпы режим (макс 8 жыл). Шешендердің ағалары соттың залында ресми отырысында қаза тапқан баланың апасының алдында кешірім сұрады, - дейді ол.
Аталмыш істің басы-қасында жүріп, сот отырыстарының бәріне Мұхтар Тайжан мырза қатысып келеді. – Марқұм Мадиярды тірілетіп алмаймыз. Жатқан жері жайлы болсын, аруағы иманды болғай. Бірақ соттың әділеттік шешіміне жәбірленушілер риза болды. Байқағаным, қазақ халқы, яғни біз, біртұтас, ынтымақты болсақ, жеңіс әрқашанда біздікі болады, - дейді Мұхтар Тайжан мырза.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір