• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 03:37:12
Алматы
+12°

26 Ақпан, 2014 NEWS

Қайда, сол көсем Нығматуллин?

Жириновскийдің сөзі қазақ қоғамын тура тауық қораға түлкі кіріп кеткендей етіп дүрліктіріп жіберді. Дүрлігіп жатқандар әрине, «элитаға жатпайтындар». Элитаға...

Жириновскийдің сөзі қазақ қоғамын тура тауық қораға түлкі кіріп кеткендей етіп дүрліктіріп жіберді. Дүрлігіп жатқандар әрине, «элитаға жатпайтындар». Элитаға жататындар ше? Жириновский олардың жеті атасын көрден шығарып алып тепкілесе де көнеді. «Көнеді» дегенді де барынша жұмсартып айтып отырмыз, дұрысы қуанады. Жалпы, Путиннің ойындағы нәрсе Жириновскийдің тілінде жүреді. Әлгі сөзді Жириновский айтты дейтіндер қателеседі. Ол сөздің авторы – орыс билігі. Қазақ билігі осындай сәттерде неге еруліге қарулы көрсете алмайды? Сіз қазір Сыртқы істер министрлігі қарап қалған жоқ қой дерсіз. Өйтіп қарап қалмағанына... Біздің министрліктің талабы «тоқтат!» деп қатаң естілгеннен гөрі «қойсаңдаршы» дейтін майда өтінішке ұқсап кетеді. Қайта Жириновскийге «персона нон грата» жариялаған қырғыз билігінің әрекеті нағыз еркектің әрекеті екен! Жириновский әншейін аузы көпіріп жүрген біреу емес. Мемлекеттік Дума төрағасының орынбасары. Халық қалаулысы. Осындайда біздегі «халық қалаулылары» туралы ойланасың. Жириновский спикердің орынбасары болса, жайшылықта «Мәке, Сәке дегенді қойыңдар, Паленше Тугеншеевич деңдер» деп көсемситін Нұрлан Нығматуллин спикердің өзі! Тәуелсіз ел Парламентінің спикері! Қайда, сол көсем Нығматуллин? Қайда «құрметті депутаттар» дегеннің өзін назырқанып, «неге депутат мырзалар!» деп айтпайсыңдар?» деп шатқаяқтайтын халық қалаулылары? Жириновскийдің әлгі мәлімдемесіне олар неге үндемейді? Сонда бұлар кімге қалаулы болып жүр? Осындайда «қазақ жуас қой» дегенді мақтанышпен айтатындарды иттің етінен жек көріп кетеді екенсің. Осыдан 23 жыл бұрын «жуас деген жаманның сыпайы аты» деп күйініп жазғанымыз бар еді. Мына түрімізбен 23 жыл емес, 50 жыл өтсе де сол күйігіміздің жазылмайтын түрі бар-ау. Сонымен, қазақтың намысы қазақтың депутаттарына керек емес сияқты. Қазақтың намысы керек емес депутаттар қазаққа керек пе, өзі? Ойланып көретін мәселе екен...

Абай Балажан

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір