• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 03:40:03
Алматы
+12°

21 Ақпан, 2014 NEWS

Алда-жалда... Алаш қайда жиналады?

ХХІ ғасыр – сан түрлі техника мен мың сан ақпарат ғасыры. Сөз ұстайтын, ел бастайтын адамның бәрі телекоммуникация мен компьютерге тәуелді. Бұл үрдіс адамдар...

ХХІ ғасыр – сан түрлі техника мен мың сан ақпарат ғасыры. Сөз ұстайтын, ел бастайтын адамның бәрі телекоммуникация мен компьютерге тәуелді. Бұл үрдіс адамдар арасындағы қарым-қатынасты басы бүтін басқа арнаға бұрды. Яғни сіздің хат-хабар алысып, хал-жағдай ұғысу «қызметіңіз» түгелдей техникаға жүктелген.

Кеше ғана ұялы байланыс арқылы тараған «банктер банкроты» туралы қауесет қаншалықты деңгейге жеткендігі көз алдымызда. Айтайын дегеніміз бұл емес. Тәуелсіздік пен мемлекеттік қауіпсіздікті сақтау – әрбір азаматтың парызы. Асты-үсті ен байлыққа толған қазақ жеріне көз тігушілер қай-қашанда сақадай сай отыр. Ендеше, кез келген уақытта төнер қатер-қауіпке қазақ баласы дайын ба?

Түгел билер жиналып, бас қосатын «күлтөбеміз» қайсы? Алты Алаштың басын қосатын туы желбіреген тұғырымыз қай жер?

Ұял байланысыңыз аяқ асты үзілді, интернетіңіз бір сәтте көзден ғайып болды делік. Біріңді бірің қайдан табасың қазақ? Сайда саның, құмда ізің қалмай сандалып қаласың ба?

Бұл жоқ жерден жау шақыру емес. Басымыз есен, бауырымыз бүтін заманда ішкі-сыртқы жаулардан қорғануға әрқашан дайын болсақ деген ой. Бір ғана Алматының өзінде Республика сарайы, Жаңа алаң, Көне алаң, Сары арқа театры... Қойшы, әйтеуір он қазақты топстарымауға барлық жағдай жасалған.

Бір-бірін айтқызбай ұғатын ұлттық ұстаным, ұлттық идея, ұлттық мұрат атымен жоқ бізде. Тәуелсіздіктің 23 жылы мұндай қасиетті ұғымдарға мұрын шүйіре қарады.

Аталы сөз айтыңдаршы Алаш баласы! Елдің тәуелсіздігіне, мемлекеттің қауіпсіздігіне «сызат түсер» сын сағат туса біреу-біреуді шақырмай-ақ қайда бас түйістіреміз? Қай қаланың қай бұрышы біздің ат байлар орынымыз болады? (Әрине, Құдай сақтасын жиылғаннан!!!)

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір