• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 03:58:53
Алматы
+12°

20 Ақпан, 2014 NEWS

Лимонов "сандырағы" туралы Ресей ресми түсініктеме беруі керек

Орыстың белгілі оппозиционер  саясаткері Эдуард Лимонов Кремльге "бүйректен сирақ шығаратын"  кеңес айтты.  Саясаткер-сымақтың айтуынша, Қазақстанның қазіргі...

Орыстың белгілі оппозиционер  саясаткері Эдуард Лимонов Кремльге "бүйректен сирақ шығаратын"  кеңес айтты.  Саясаткер-сымақтың айтуынша, Қазақстанның қазіргі  президенті кетісімен, Солтүстік Қазақстан  облыстарын  қосып  алуды туралы  ойлануға кеңес  беріпті,  деп  хабарлайды  Total.kz.

"Қазақстанда мемлекетке  қолайсыз девальвация,  президент  Назарбаев  қартайып  барады, нақты  мұрагері  жоқ",- деп  жазыпты  Facebook парақшасында.  Оның айтуынша, Украинаның да  тағдыры Ресеймен  байланысты,  шығыс аймақтары  да Мәскеудің  қол астына кіру  керек.

   Бұл Лимоновтың  Қазақстанға  бірінші  рет  шүйлігуі  емес. 90-жылдары  да  "айқайшыл"  жазущы Көкшетау облысындағы  жергілікті казактардың қолдауымен көтеріліс  ұйымдастырмақшы болған екен. Алайда, "революцияшыл" топты  2001 жылы Қазақстанның арнайы әскери көмегімен жойылып, Лимоновтың өзі Таулы Алтайды  ұсталған екен. Онда  ол партизандық  база  ұйымдастырған көрінеді.  Қару сақтағаны  үшін  олар әр түрді  жаза  мерзімін алған-ды.

Фб қолданушысы Ерік  Теңізбаев қазақ  жұртшылығының  мұндай  сандыраққа  наразы  екенін айта келіп, Сыртқы Істер  Министрлігі  үнсіз  қалмай,  Ресей  тарапынан  мәселенің мәнісін ресми түрде түсіндіруін  талап  етсін дейді.  Қазақстанның  дербес мемлекет екенін, оның тәуелсіздігіне  қол сұғуға ешкімнің құқы  жоқ екенін қуаттайды.

Сыртқы істер министрлігі мамандары ресейлік әріптестеріне Лимонов "ұсынысының" позициясына қатысты түсіндіруді талап еткен нота жолдауды ұйғарды. "Ресей - біздің досымыз, Қазақстанның одақтасы әрі стратегиялық серіктесі. Лимоновтың ақылға сыймайтын мәлімдемесінің Ресейдің Қазақстанға қатысты сыртқы саяси бағытына қатысы жоқ. Біз ресейлік серіктеріміздің Лимоновтың оғаш әрекетіне тиісті бағасын беретініне ешқандай күмән келтірмейміз", -дейді  министрліктегілер

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір