20 Ақпан, 2014 NEWS
Блогерлерді тағы қыспаққа алды
Естеріңізде болса, осыдан екі жеті бұрын қала әкімі А.Есімовтың блогерлермен кездесуіне әкімнің шақыртуынсыз келген бір топ блогерлер қуылған болатын...
Естеріңізде болса, осыдан екі жеті бұрын қала әкімі А.Есімовтың блогерлермен кездесуіне әкімнің шақыртуынсыз келген бір топ блогерлер қуылған болатын. "Қоғамдық тәртіпті бұзды" деген айыпппен блогерлер 10 күн темір торға тоғытылған еді. Оларың бостандыққа шыққанына көп бола қойған жоқ...
Бүгін жаза алған блогерлердің бірі Ринат Кибраев өзінің әлеуметтік желілерінің бірінде ізіне полицейлердің тағы түскенін айтады. Оның айтуынша, полицейлер үйіне келген. Ал, Жолдастары Андрей Цуканов. Дмитрий Шелоков, Нұрәлі Айтеленовтерді "қаңқу сөз" таратты деген "атақты" Мақсат Үсеновтың арызы бойынша Жетісу аудандық ІІБ-да отыр.
"Шын мәнінде бүгін таңертең біз тағы да әкіммен кездесуге бармақшы болғанбыз. Осы себепті бізді аңдып жүр",- дейді Ринат Кибраев
"Жетісу аудандық ІІБ -на бара жатырмын" деген мына суретте
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір