• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 00:23:02
Алматы
+12°

15 Ақпан, 2014 NEWS

Алматыда халық наразылық білдірді

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, 15 ақпан күні сағат күндізгі 12:00 шамасында Достық және Абай көшелерінің қиылысындағы Абай ескерткіші маңына ондаған наразы...

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, 15 ақпан күні сағат күндізгі 12:00 шамасында Достық және Абай көшелерінің қиылысындағы Абай ескерткіші маңына ондаған наразы азамат жиналған.

Олар Абай ескерткіші темір турникеттермен қоршалғандықтан, наразылық жиынын қоршау сыртында, Достық көшесінің тротуарында өткізіп жатыр. Өзін Розагүл Телебаева деп таныстырған жалғызілікті ана жиналғандардың ешқандай саяси ұйымға жатпайтынын, жеке азаматтар екенін айтып, талаптары "проблемалық несиелерін жою" екенін мәлімдеген. Түскі сағат 13:00 шамасында наразыларға азаматтық белсенділер Қанағат Такеева, Жасарал Қуанышәлин, Дильнар Инсенова келіп, өздерінің Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовпен жолыққандарын айтқан. Жасарал Қуанышәлиннің айтуынша, Есімовке олар "проблемалық несиелерді жою, девальвациядан кейінгі қымбатшылықты болдырмау және мұқтаж азаматтарға Алматыдан 10 сотықтан жер беру" туралы үш талап қойған. Алматы қаласының әкімі проблемалық несиелерге қатысты үкімет шешімін күтіп отырғанын, әкімдіктің қымбатшылықты болдырмауға тырысатынын, Алматыда бос жер жоқ екенін айтқан. Белсенділер "Есімовке келесі аптаның сәрсенбісінде қайта кездесуге ұсыныс жасағандарын, әкім оған "ойланайын" деп жауап бергенін" айтты. Наразылар бұдан соң қоршаудан Абай ескерткішіне қарай өтпек болған. Алайда оларды полиция жібермеген. Он шақты адам "Шал, кет!" деп айғайлаған. Азаттық тілшісінің айтуынша, "көшеде шылым шеккені үшін" полиция бір адамды ұстаған. 11 ақпан күні Қазақстан Ұлттық банкі теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бұрынғы бағамын ұстап тұрудан бас тартып, доллар бағамын 185 теңге деп белгілеген еді. Ертеңінде Девальвацияға наразылар кеше де Алматыда қалалық әкімдікке, Ұлттық банкке барып, қарсылықтарын білдірген. 13 ақпан күні наразылар қаладағы базарларда тауар бағаларының қымбаттап кеткенін айтып, Есімовтен бағаның қымбаттауына бақылау жасауды талап еткен еді. Азаттық.org "Қамшы" сілтейді  

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір