• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 00:41:18
Алматы
+12°

14 Ақпан, 2014 NEWS

13 жыл «күттіріп», 6,5 кг болып туылған балуан

Спорттың жолдан қосыла кетуге келмейтін

     Спорттың жолдан қосыла кетуге келмейтін  бір саласы – күрес. Бап пен бақтан басқа, атаның қаны, ананың сүті арқылы дарыған ақыл-сана, ірі денелі болудың  маңызы жоғары. Осы салада жауырыны жерге тимей жүрген бір балуанымыз - Қиса Қабиұлы. Қиса  атажұртқа көрші Қытай елінен келген қандасымыз. Туылғанда 6,5 кг болып ел-жұртты елең еткізген. Ол 1988 жыл болатын.Оған дейін ата-анасы 13 жыл бойы бір перзентке зар болып келген. Сөйтіп, жарық дүниеге келе салысымен назарға іліккен Қисаны бапкерлер бала күнінде ата-анасынан қолқалап алады, Қытайдың қиыр шетіндегі Ланжу қаласына оқуға жібереді. Осылай 13 жасқа толмастан белдесудің қыр-сырын меңгеруге кіріскен  Қиса 2003 жылдан бері боз кілемнің үстінде. Алғашқы жеңістің асқақ сезімін ауылдан бастаған балуан  4 жылда бір рет өтетін Қытайдың ішкі біріншілігінде 96 кг салмақта топ жарды. Қытайдың ұлттық құрамасының қатарында 3 жыл өнер көрсетті. Шыңжаң өңірінде оған дейін ешкім осы мәреге жетпеген екен. Осылай қарсыластарын қоғадай жапырып жүргенде Алматыда өткен кезекті жарыста қарсыласының оқыс қимылынан аяғының  сіңірі үзіліп, тоғыз ай  балдаққа сүйеніп қалады. Сөйтіп, бұрындары өзі ойқастап жүрген шаршы алаңды сырттай тамашалауға тура келеді.

SONY DSC

Ақыры денсаулығы қалпына келген соң елге келуді ойлайды. Қазақ елінің гүрзі жұдырықты оғланы Қанат Исламның  шақыруы қамшы болып, ата-бабасы күл төккен киелі мекенге тартып береді. Бүгінде Алматы облысы балуандарының сапында еркін күрес пен қазақша күрестен өнер көрсетіп жүр. Салмағы 140 кг, бойы 190 см. Әңгіме барысында Қиса кәсіпкер ағалары  Бауыржан Оспанов пен Арман Оңғарбектің қаржылық жағынан көмек қолын созғанын айтты. Еркін күрестен бапкері Мәлік Нәдірбекұлы, қазақша күрестен Айдын Смағұловтан тәлім алады.

SONY DSC

Қазақ еліне келгелі де Қиса  жеңістен құралақан емес, көптеген жарыстарда топ жарып жүр. Алдағы уақытта Атажұртына ақ үмітін үкілеп келген балуанның басты мақсаты қазақтың көк туын желбірету. Қазірге нақты жоспарларының қатарында төрткіл дүниенің көз тігіп отырған Рио-де-Жанейро олипиадасы бар. «Менің ендігі мұратым - құдайдың берген күш-қуатын туған ұлтымның, қазақ мемлекетінің жолында жұмсау!»,- дейді балуан.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір