• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Желтоқсан, 21:40:04
Алматы
+7°

02 Желтоқсан, 2024 NEWS

Желтоқсандағы мерекелерге орай Қазақстан бойынша қосымша пойыздар қатынайды

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар сұранысын қанағаттандыру мақсатында Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесіне орай қосымша пойыздарды іске қосады.

Көрнекі сурет

Қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

№201/202 "Астана-Алматы" пойызы:

  • Астанадан: 2024 жылдың 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсаны, 2025 жылдың 1, 4 қаңтары;
  • Алматыдан: 2024 жылдың 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсаны, 2025 жылдың 2, 5 қаңтары.

№203/204 "Астана-Шымкент" пойызы:

  • Астанадан: 2024 жылдың 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсаны, 2025 жылдың 1, 4 қаңтары;
  • Шымкенттен: 2024 жылдың 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсаны, 2025 жылдың 2, 5 қаңтары.

№205/206 "Ақтөбе-Астана" пойызы:

  • Ақтөбеден: 2024 жылдың 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсаны, 2025 жылдың 1, 4 қаңтары;
  • Астанадан: 2024 жылдың 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсаны, 2025 жылдың 3, 6 қаңтары.

Барлық пойыздарда купе және плацкарт вагондары бар.

2024 жылдың 13 желтоқсанынан бастап қосымша электр пойыздары іске қосылады:

  • №7553/6811–6812/7556 "Қарағанды-Астана-Бурабай курорты" электрпойызы жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды;
  • "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы №7509/6805–6806/7510 "Павлодар-Астана-Бурабай курорты" электрпойызы аптасына үш рет, яғни жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды.

Қосымша пойыздар жолаушылар үшін қолайлы орын санын арттырып, көрсетілген бағыттар бойынша билеттердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылға орай қосымша пойыздар қатынайтынын айтқан еді. Қосымша пойыздар Астанадан Шымкент пен Алматыға, сондай-ақ Ақтөбеден елордаға қатынайтынын да айтылған. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ҚТЖ қосымша вагондар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір