• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Қараша, 10:41:45
Алматы
+12°

26 Қараша, 2024 Барлық аймақтар

Ұлттық қолөнер – бабалар мұрасы

Бүгінгі таңда білім берудің негізгі мақсаты білім алушының тек қана білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматын қалыптастыру.

Фото: автор

Бұл дегеніміз – ата-бабаларымыздан келе жатқан, ұлттық санамызда, рухымызда, болмысымызда өзіндік қолтаңба ретінде қалыптасқан ұлттық өнерімізді насихаттау.

Эстетикалық тұрғыдан дамыған ғана адам жан-жағындағы өзін қоршаған әлемді сезіне алады. Әсемдікті көріп, оны түсінеді, қоршаған ортаға зиянын тигізбеуге тырысады. Озық технологиямыз дамыған мына заманда жастарымызды интернет шырмауынан аластату үшін, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://farabi.university/ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында әртүрлі бағыттағы 20-дан аса клубтар мен үйірмелер, стартаптар жұмыс атқарады. Соның ішінде «Жас шебер» стартабы да бар. Стартаптың мақсаты – бабалар мұрасын жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуына кішкене де болса үлес қосу. Құрылғанына біршама уақыт болса да біраз жетістіктеріміз бар. Жас шеберлермен жасалған бұйымдар көрмелерге шығарылып, кейіннен жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Қолдан өндірілген бұйымдар сатып алушылар тарапынан қызығушылығын туғызып, арнайы тапсырыстар қабылдап, аз ғана болса да халқымыздың тұрмыстық қажеттілігіне жарап жатыр. Бұл жердегі үйірменің мақсаты әр тыңдаушының өздері қолдан жасаған заттарын болашақта кішігірім капиталға айналдыра алатынына сенім ұялату болып табылады. Жақында ғана  ТДМ-9 Индустрияландыру, инновациялар, инфрақұрылым аясында «Жас шебер» стартабының шеберлері көрме және жәрмеңке ұйымдастырды. Бұл іс-шара  мақсаты – университеттегі білім алушы жастарға қолөнерді насихаттау, үйрету, түрлі қолөнер бұйымдарымен таныстыру. Көрмеге келушілер де, көрушілер де көп болды. Көрмеге қойылған әрбір зат көрушілерді қызықтырып, қолөнерге деген құштарлығын арта түсті. Көрмеге қолдан тоқылған балаларға арналған  ойыншықтар мен кішкентай қыздарға арналған көйлектер, сөмкелер, үйге киетін сүйретпе түрлері, әшекей бұйымдар, қыл қалам шеберінің қолынан шыққан туындылар қойылды. Көрмеге келушілер стартап шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдарға қызығып, сұрақтар қойып, сатып алып жатты. Жас шеберлеріміздің алдағы жоспарлаған жұмыстарына сәттілік тілейміз!

 

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының

оқытушылары Ибрагимова М.Н., Мужигова Г.М.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір