26 Қараша, 2024 NEWS
Запастағы офицерлер 2 жыл мерзімге әскерге шақырылады
Қазақстан Үкіметі 2024 жылғы 20 қарашада «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулы қабылдады.
Көрнекі сурет
Үкімет қаулысына сәйкес, 2025 жылы әскери қызметке жарамды 915 офицер екі жыл мерзімге шақырылады. Олар 24 ай бойы ҚР Қарулы Күштері, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінде, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігінде қызмет атқарады.
«Заңда белгіленген тәртіппен 2025 жылы әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарға шақырылсын», — делінген құжатта.
Барлығы 915 адам шақырылады, оның ішінде:
– Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары – 700 адам;
– Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80 адам;
– Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 131 адам;
– Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі – 4.
Қаулы 2024 жылғы 3 желтоқсанда күшіне енеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір