• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:14:25
Алматы
+12°

 

Дулат Тастекейді көпшілік тіл жанашыры ретінде біледі. Ол өзі басқарып отырған компания іс-қағаздарын қазақшалап, қызметкерлеріне қазақ тілі курсын ұйымдастырып, көпшілікке өз ісімен, ұстанымымен үлгі болған кәсіпкер.

Ұлттық құндылықтарды насихаттауды белсенді түрде қолдап жүрген Дулат Тастекей бүгінде Алматы қалалық мәслихатының депутаты, «TAS Group» қаржы компаниялар тобының жетекшісі, әрі меценат. Ол айтыс өнері, жас ғалымдар мен түрлі жобалар, сондай-ақ мешіт құрылысымен айналысатын демеуші ретінде танымал.

Меценат басқаратын компаниялар тобының басты талабықазақ тілін білу. Тіл үйрету курстарын ұйымдастырып, қазақша білмейтіндерге ана тілімізді меңгеруге мұрындық болған, шетелде бизнес-білімін жетілдіріп жүрген кәсіпкер сұрақтарымызға жауап берді.

1 

БІЛІМДІ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУЫМЫЗ КЕРЕК

— Дулат Тұрсынұлы, сұқбатымызды кәсібіңізден бастасақ. Сіз негізін қалап, басқарып келе жатқан «TAS Group» компаниясының негізгі қызметі неде?

Біздің компания қаржы саласында қызмет етеді. Шағын және орта бизнестің өкілдеріне қысқа мерзімді қаржыландыру ұсынамыз. Сонымен қатар, біз қазақша сөйлейтін алғашқы қаржы компаниясы болуға жанымызды салудамыз. Біздің әлеуметтік жауапкершілігіміз де маңызды. Жылдық пайдамыздың бір бөлігін қоғам мен мәдениеттің дамуына жұмсаймыз. «Assyltas» қоғамдық қоры осы бағытта жұмыс істейді. Біздің миссиямызұлттық құндылықтарды дәріптеу, инновацияларға назар аудару және қазақ тілін бизнес ортасында насихаттау.

5

Руханият пен мәдениет халықтың рухы мен жанының айнасы. Өнері озық елдің өрісі кең болатынына мен сенемін. Бұл жай ғана ғапыл сенім емес. Бұл әлемдіктәжірибеде алдыға озған мемлекеттердің өзінің әдебиетіне, мәдениетіне, руханиятына қандай көңіл бөліп жүргендігін көргеннен кейін айтып отырмын. Біз білімді қоғам қалыптастыруымыз керек. Өйткені білімді адам өзін де алға сүйрейді және мемлекеттің де алдыңғы шепте болуына ықпал етеді. Сондықтан адами капиталды дамытуға әуелі мәдениет, әдебиет пен руханият әсер береді. Осы факторларды біз дамытуымыз керек. Біз осы жолда жұмыс істеп, қолдан келгенше қолдап жатырмыз.
6

Ресми ақпарат көздеріне сүйенсек, сіз менеджмент пен басқаруға көп көңіл бөледі екенсіз. Компания ішіндегі процестер қалай құрылатындығы мен корпоративтік мәдениет жайлы не айта аласыз?

— Біздің компанияның негізгі міндеттерінің бірі – қызметкерлердің жұмысы үшін қолайлы орта құру және корпоративтік мәдениетті насихаттау. Бізде әрдайым әртүрлі акциялар мен байқаулар, семинарлар мен дәрістер жиі өткізіледі. Әр жұма барлық қызметкерлер үшін «Қазақша сөйле» дресс-кодының күні. Бес жүзден астам барлық компания қызметкерлері жыл сайынғы туған күнімізде ұйымдастырылатын «TAS GROUP Құрылтайға» жиналады. Сондай-ақ, біз ESG* мәдениетін дамытудамыз.

— Қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағытында қандай шараларды жүзеге асырудасыздар?

— 2022 жылдың соңынан бастап компания Harvard Business School-да онлайн оқыту бағдарламасын іске қосты, ал 2023 жылдан бастап қызметкерлер Skillbox, GeekBrains және SkillFactory сияқты танымал онлайн мектептері бар Lerna.kz онлайн платформасы арқылы оқудан өту мүмкіндігіне ие болды.

Былтырдан бастап компания басшыларының басқару дағдыларын дамытуға басымдық бердік. Осы бағытта жаңа және жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің өмірлік циклі бойынша ауқымды оқыту жүргізілді. Бұл ауқымды тренинг жұмысқа қабылдау процесін басқару сапасын арттыруға, бейімделуге, компания өміріне қатысуға, кәсіби өсуге және компаниядан кету жайында, теориялық және практикалық тапсырмаларды қамтыған оқу. Тренинг нәтижесінде барлық басқару тобы сертификаттаудан өтіп, тәжірибеде қолдануға болатын білімдерін растады.

 
АНА ТІЛІМІЗДЕ ӘДЕМІ СӨЙЛЕП, ҮЛГІ БОЛСАҚ

1

— Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген көзқарасы қандай?

— Қазіргі кезде қазақ тіліне қатысты негативті пікірлер азайған. Әрбір қазақ өз тілі мен мәдениетін мақтан етуі тиіс. Егер біз өзіміз ана тілімізде әдемі сөйлеп, жоғары мәдениетімізбен көпке үлгі болсақ, жастарымыз да соған еліктейді.

— Сіздің компанияңызда қандай ұлт өкілдері қызмет етеді?

— Бүгінде біздің ұйымымызда әртүрлі ұлт өкілдері жұмыс істейді: орыстар, кәрістер, ұйғырлар, өзбектер және басқа да аз ұлттардың азаматтары. Біздің кеңсеміз Қазақстанда орналасқан, ал бизнесіміз Ресей мен Өзбекстанда да дамыпжатыр. Онда да сол елдердің азаматтары қызмет етеді, бірақбіздің компаниядағы қызметкерлердің 90%-дан астамықазақтар. Бізде қызметкерлерге қойылатын басты талапқазақ тілін жетік білу. Сондықтан біздің білікті қызметкерлеріміз негізінен қазақ ұлтының өкілдерінен құралған.

 3

КЛИЕНТТЕР ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕСУДІ ТАЛАП ЕТСЕ

Қазақ тілі қашан бизнес тіліне айналады деп ойлайсыз?

Біздің байланыс орталығымызға қоңыраушалатындардың 60% қазақ тілінде қызмет алуды қалайды. Бизнес тілге айналуы үшін тұтынушылар өз тілінде қызмет көрсетуді талап етуі тиіс. Егер клиенттер қазақ тілінде сөйлесуді талап етсе, бизнес те соған бейімделеді.

— ҚР Президенті Қ.Тоқаев «Біле білсек, ұлттық қауіпсіздіктілімізді қадірлеуден басталады» деген болатын. Бұғансіздің пікіріңіз қандай?

— Мен бұл пікірмен толықтай келісемін. Тілді сақтап, дамытубұл біздің жауапкершілігіміз. Тілін жоғалтқан халық өзін де, тарихын да жоғалтады. Тілмемлекеттің негізі, ол қазақ халқының символы мен мақтаны. Тәуелсіздіктің баянды болуына, мәңгілік қалыптасуына дәлел. Мен Алматы қалалық мәслихатының депутаты ретінде мемлекеттік тілдің қолданылуына күш салдым. Бізбасқа ұлттарды сыйлауға тырысамыз, бірақ өз ана тілімізгеде құрмет көрсетуіміз қажет. Егер өз тілімізді қадірлемесек, онда оған сұраныс та болмайды.

4 

КӨПШІЛІК ҚЫЗМЕТТІ ОРЫС ТІЛІНДЕ КӨРСЕТУГЕ АСЫҒАДЫ

Дұрыс айтасыз. Сіз іс-сапарда көп болады екенсіз, сондай-ақ саяхаттауды да ұнатасыз. Сондықтан ұшақпен жиі ұшасыз. Бірде осындай бір сапарыңызда еліміздің танымыл әуе компаниясында болған жағдай туралы айтқанедіңіз

Иә, сіз борт серіктердің 85-90 пайызы қазақ болса да, ана тілінде қызмет көрсетуге асықпайтынын туралы айтып жатырсыз. Айтып отырған әуе компаниямызәлемдік авиация нарығындағы алдыңғы қатарлы, сапасы, қызмет көрсету деңгейі жағынан шоқтығы биік компаниялардың бірі. Бірақ қызметкерлерінің әлі күнге дейін өз ана тіліндеилайықты деңгейде қызмет көрсете алмауы өкіндіреді. Бортсеріктер өзіміздің қара көз қазақтар болғанына қарамастан, көпшілігі қызметті орыс тілінде көрсетуге асығады. Мұның себебі компания басшылығының дұрысталап қоя алмауында ма, әлде бұл қалыптасып қалған әдетпе?

Көпке топырақ шашуға да болмайды. Қазақ тілінде әдемі қызмет көрсетіп, құлақ құрышыңды қандыратын борт серіктер де жоқ емес, бар. Мысалы, бірде Алматыдан Бангкокқа ұшқан сапарымда Павел есімді бортсерік маған бастан-аяқ қазақ тілінде өте тамаша қызмет көрсетті. Мен, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті және жай ғана өз тіліне жаны ашитын қазақтың ұлы ретіндежаңағы әуе компанияға айтылған сынды дұрыс қабылдап, бұл мәселеге бейжай қарамай, тиісті шаралар қолдануын сұрадым. Тіпті басшы ретінде компанияға қазақ тілін енгізужолдары туралы пікір алмасуға да әрдайым ашықпын. Алайда жарты жылдан астам уақыт өтті, олардан кері байланыс алған жоқпын. Дегенмен де тіл мәселесіне бей-жай қарамау керектігін әрдайым алға тартып отырамын.

 

*ESG – қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау (E – environment), жоғары әлеуметтік жауапкершілік (S – social) және корпоративтік басқарудың жоғары сапасы (G – governance).

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір