• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:09:46
Алматы
+12°

06 Қараша, 2024 NEWS

Жұмыс істейтін зейнеткерлер зейнетақыдан қағыла ма? - министр түсіндірді

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнеткерлерге қатысты айтқан мәлімдемесін жоққа шығарды.

Ашық дереккөзден

БАҚ беттерінде "жұмыс істейтін зейнет жасындағы адамдар зейнетақыдан қағылуы мүмкін" деген ақпарат тараған болатын.

Сарапшылардың айтқан бұл ұсынысы қазіргі зейнетақысын алып отырған азаматтарға ешқандай қатысы жоқ. Бұған дейін қалай зейнетақысын алып, жұмысын істеді, солай әрі қарай да жүре береді. Үкіметпен келісілген ешқандай заң жобасы жоқ. БАҚ өкілдері "зейнетақы жүйесінде реформа бола ма" деп сұрақ қойған кезде сіздерге алдағы 2 жылда реформалар қарастырылмағанын айттым, - деді Жақыпова.

Жақыпова арнайы сарапшылардың болжамы арқылы еңбек нарығын зерттеп отырғанын айтты.

Биылдың өзінде еңбек нарығында жұмыссыз жүрген 300 мың жас бар. Оларды жұмыспен қамту керек. Сондықтан сарапшылар ұсыныстар (еск - зейнеткерлерге қатысты) беріп отыр, - деді Еңбек министрі.

Сондай-ақ министр ақпаратты дұрыс жеткізбеген журналистерді айыптады.

Журналистер тек бір сөзді жұлып алып, "хайп" жасады. Кейін қоғамды дүрліктірді. Өтінемін, ақпаратты дұрыс жеткізіңіздерші, - дейді министр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жақыпова зейнетақы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір