• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:13:27
Алматы
+12°

30 Қазан, 2024 NEWS

Мәжіліс 3 жылдық бюджетті қабылдады

Мәжіліс “Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы” заңды қабылдады.

Ашық дереккөзден

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров заң жобасын таныстырды.

- Заң жобасы Бюджет кодексінің ережелері негізінде әзірленді. Бұл ретте кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджеттің қағидаларына сәйкес анықталған. Заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 АҚШ доллары, 2026-2027 жылдары барреліне 41 және 39,4 АҚШ доллары негізінде белгіленген. Осыны ескере отырып Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2025-2027 жылдарға жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалды, - деді Үкімет мүшесі.

Байбазаров жоспарлы кезеңде Ұлттық қордың таза валюталық активтері болжам бойынша, 2025 жылы 62,2 млрд АҚШ доллары, 2026-2027 жылдары 69,9 және 78,7 АҚШ доллары болатынын атап өтті.

Оның сөзінше, заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттің теңгерімдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Заңды талқылап болғаннан кейін 90 депутат заңды қабылдауға оң дауыс берді, 1 депутат қарсы, 2 депутат қалыс қалды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: мәжіліс ұлттық қор

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір