28 Қазан, 2024 NEWS
Көрнекі сурет
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиогемен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
Атап айтқанда, министрлік Францияның даму агенттігімен (AFD) және Францияның геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросымен (BRGM) ынтымақтастық туралы меморандумға және үшжақты келісімге қол қоюға дайындалып жатыр. Ведомство аталған ұйымдармен бірлесіп Іле-Балқаш бассейніне кешенді зерттеу жүргізеді. Сондай-ақ жерасты суларын зерттеу, мониторингі, барлау және игеру бағытында да ынтымақтастық жолға қойылады.
Бұдан бөлек, Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық су бюросымен (OiEau) ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруда.
Сильван Гиоге өз кезегінде француз компаниялары Қазақстанда су шаруашылығы құрылыстарын салу және реконструкциялау бойынша жобаларға қатысуға ниетті екендерін айтты. Сондай-ақ су шығынын анықтайтын және суды басқаруды оңтайландыратын компаниялар да серіктестік орнатуға қызығушылық танытуда.
Меморандум мен келісімге қол қою біздің ынтымақтастығымыз үшін маңызды қадам болмақ. Біз француз әріптестерімізбен ұзақ мерзімді және нәтижелі жұмыс істеуге ниеттіміз, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір