• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:35:42
Алматы
+12°

23 Қазан, 2024 NEWS

Қазақстан әлі күнге дейін неге импортқа тәуелді? Серік Жұманғарин жауап берді

Үкіметтің баспасөз брифингінде БАҚ өкілдері еліміздің әлі күнге дейін импортқа тәуелді екенін айтып, оның себебін сұрады.

Ашық дереккөзден

Аталған сауалға премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин халықаралық сауданың негізі тауар айналымы екенін айтты.

- Бір мемлекет тауардың бір түрін шығарса, екінші бір мемлекет басқа тауар шығарады деген сияқты. Бүкіл тауарлар бір мемлекеттен шығарылатын болса, сауда болмайды ғой. Сол себепті, біз де бәрін шығара бермейміз. Бәрін өндіретіндей жоспар да жоқ. Десе де азық-түлік тауарларының әлеуметтік маңызы бар. Ал өз-өзімізді 100 пайыз қамтамасыз етуді міндетті түрде жасаймыз. Қазіргі уақытта 10 тауарлық позициямен өзімізді 100 пайыз қамтамасыз еттік, – дейді премьер-министрдің орынбасары.

Ал саудаға келетін болсақ, бұл тұрғыда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өз бағдарламасы бар.

- Тұрмыстық химия Қазақстанда шығарылады. Әйелдер мен балаларға арналған бүкіл заттар өндіріледі. Бірақ оны біреуі алады, енді бірі алмайды. Себебі әрбір адамның өзінің талабы мен таңдауы бар. Мысалы, біреуге шетелдік заттар керек шығар. Сондықтан бірінші ассортимент болуы керек, екіншіден, өзіміздің ішкі бағдарламамыз болуы қажет. Мұның бәрі қазір толық бар, – премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір