23 Қазан, 2024 NEWS
Екібастұзда кәсіпкерлерге салықтан 4,4 млн теңге төлем қайтарылды
Екібастұз қаласының прокуратурасы мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға берудің заңдылығына талдау жүргізді.
Көрнекі сурет
- Үлгілік ережелерге сәйкес (ҚР ҰЭМ 16.01.15ж. №17 бұйрығымен бекітілген) мемлекеттік органдар теңгеріміндегі мүлікті сенімгерлік басқаруға тапсырған кезде, шаруашылық жүргізуші субъектіні (сенімгерді) мүлік салығынан босатады. Алайда, Экономика және қаржы бөлімі келісім-шарттар жасау кезінде бизнес қауымдастығын мүлік салығын төлеуге заңсыз міндеттеген, - делінген хабарламада.
Қадағалау актісі бойынша 6 кәсіпкер мұндай міндеттемелерден босатылып, оларға 4,4 млн теңге төлем қайтарылған.
Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір