22 Қазан, 2024 NEWS
Фото: ашық дереккөзден
"Қазақтелеком" басшысы Бағдат Мусин "Kursiv Ecosystems Forum - 2024: Цифрлық экожүйелердің болашағы" форумында осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта елімізде оптикалық талшық қосылған 800 мың пәтер мен үй, тағы 1 миллион нысанда мыс желілік кабелі бар. Сол 1 миллион нысанды жаңа технологиялық жабдыққа көшіру көзделген. Және оның болжамынша, бұған 3,5 жыл уақыт кетедтін көрінеді.
Сонымен қатар Мусин "Қазақтелекомның" Wi-Fi жабдығы 580 мың үйді қажетті интернет жылдамдығын қамтамасыз ете алмай отырғанын мойындады.
Бастапқыда оптикалық интернет пайдаланушыларға кемінде 512 Мбит/с жылдамдықпен жеткізіледі. Бірақ жабдықтың нашарлығынан телефондағы жылдамдық 25 есе төмендеп, шамамен 20 МБит/с болатынын атап өтті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір