• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 18:53:40
Алматы
+12°

22 Қазан, 2024 NEWS

Қаржы пирамидаларының белгісі бар 400-ден астам сілтеме бұғатталды

Павлодар облысында жыл басынан бері қаржы пирамидаларының жолын кесу бойынша төрт қылмыстық іс тергелген. Сонымен қатар, жыл басынан бері 400-ден астам сілтеме бұғатталды.

Көрнекі сурет

Облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел басқармасының басшысы Жоламан Қиналбековтің айтуынша, қаржы пирамидаларымен күрес жұмыстары күшейтілгенмен, агрессивті жарнама құрбандары азаймай тұр.

- Бірінші дерек бойынша «Q-NET» компаниясының қызметкерлері төрт жыл бойы қаржы пирамидасын құрған. 28 адам «инвестициялық бағдарламаның» құрбаны атанып, оларға 33 миллион теңге шығын келді. Кінәлілер шартты түрде 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал екінші факті бойынша алты қалада жұмыс істеген қаржы пирамидасы жойылды. Ұйымдастырушылар халықты инвестициялық жобаға ақша құюға шақырып, кейін алдап кеткен. Бұл пирамида бойынша 7,6 млрд теңгенің 18 мыңға жуық келісімшарты жасалған. Бес мың салымшы сан соғып қалды. Өңірде 100 млн теңгеден астам салым салған азаматтар да бар, - дейді Жоламан Қиналбеков.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір