21 Қазан, 2024 NEWS
Фото: автор
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың https://farabi.university/ «Фараби» кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың 120 жылдығына арналған «Тарих және тұлға: зияткерлік және құндылық бағдары» атты ғылыми-теориялық конференциясы өтті Конференцияға қара шаңырақтың ОПҚ, студеттер, ғалым-зертеушілер қатысты. Ғылым-теориялық конференцияның шымылдығын білім ордасының Басқарма төрағасы – Ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев мырза ашты.
Сонымен қатар шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Қаниұлы Ахметов, Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА академигі Мұрат Жұрынұлы Жұрынов мырзалар мінберден құттықтау сөздерін оқып, Нұртас Оңдасыновтың өмірі мен шығармашылығы сондай-ақ еңбек жолының негізгі тұстарын жайында Нұртас Оңдасынов зерттеуші журналист Гүлсім Оразалиева, Тарихшы, ғалым профессор Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы сынды көптеген зертеуші ғалымдар баяндама жасады.
Н.Оңдасыновтың өмір жолын және оның республиканың әлеуеті мен экономикасын дамытуға, қазақ ғылымы мен мәдениетін, қазақ тіл білімін насихаттауға қосқан үлесін кеңінен насихаттауға бағытталған конференцияның ашылу салтанатында оның өмір жолы туралы деректі фильм қалың көрермен назарына ұсынылды. Н.Оңдасыновтың мемлекетті 13 жыл әділ басқарғанын, сондай-ақ оның басты қасиеті – еңбекқорлығы екенін баса айтты. Міне, осылайша 1922-1927 жылдар аралығында Ташкент орман шаруашылығы техникумында оқып, 1938-1951 жылдары Қазақстан үкіметін басқарып, 1954-1955 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы болып сайланып, қазақ үшін аянбай еңбек еткен қайраткердің артына қалдырған мұрасын ҚазҰУ жастары мен жас ғалымдарға жеткізу мақсатында ұйымдастырылған конференцияның кейінгі ұрпаққа берері мол жиын екені кеңінен насихатталды.
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының
1 курс докторанты Г.М.Мужигова,
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушысы Ибраимова Ж.Т.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір