• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 08:10:42
Алматы
+12°

11 Қазан, 2024 NEWS

Спорт мектептерінің басшылары бюджет ақшасын ойынға салып жіберген

Ақтөбедегі спорт мектептерінің басшылары бюджет қаражаттарын букмекерлік кеңселерде ұтылған.

Көрнекі сурет

Ақтөбе облысы прокуратурасымен балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылары бюджетке түсуге жататын спорт алаңдары мен залдарды жалға беру қызметі үшін, әуесқой спорт командаларынан алынған қаражатты негізсіз жымқырғаны анықталды.

- Соңғы 3 жылда Ақтөбе облысында кәсіби клубтарды дамытуға арналған шығыстар 2 есеге ұлғайтылған, облыстан республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалуға және қатысуға бюджеттен 13 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Спорт мектептерінің басшыларымен 6 млн теңгеден астам бюджет қаражаттары заңсыз жұмсалған, - делінген хабарламада.

Бұл қаражаттар мектеп басшыларымен өз қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселердегі ставкаларға жұмсалған.

Сонымен қатар, «Ақтөбе» футбол клубы командасының ұшуы бойынша әуе қызметтерін 165 млн теңгеден астам көтерілген бағамен бірнеше делдал арқылы сатып алу фактілері анықталды.

Орын алған барлық фактілер бойынша прокуратурамен ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігімен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сонымен қатар тексеру нәтижелері Ақтөбе облысының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында қаралып, жауапты мемлекеттік органдарға бұқаралық спортты қаржыландыру жағдайын түзету, бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану тапсырылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір