11 Қазан, 2024 NEWS
Жүргізуші куәлігі: Қазақстанда емтихан тапсыру кезінде жаңа ереже енгізілмек
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігіне теориялық емтихан тапсырудың жаңа рәсімін енгізбекші. Енді болашақ жүргізушілер екі факторлы аутентификациядан өтуі керек. Бұл туралы Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Көрнекі сурет
Жаңа талапқа сай емтихан тапсырушылар екі факторлы аутентификациядан өтетін болады. Бұл жеке тұлғаны растаудың екі түрлі әдісін қамту тәсілі: біріншісі — SMS арқылы, екіншісі — биометриялық сәйкестендіру.
«Тестілеу басталар алдында көрсетілетін қызметті алушыға 1414 нөмірінен дербес деректерге қол жеткізуге сұрау салу хабарламасы келіп түседі. Айта кетейік, SMS электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде тіркелген телефон нөміріне жіберіледі», — делінген хабарламада.
Авторизациядан сәтті өткеннен кейін жүргізушіге үміткер биометриялық сәйкестендіруден өтуі керек.
Жаңашылдық бүгіннен бастап күшіне енді, бірақ әзірге тек Астанада. Еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-ларында жаңа рәсімді енгізуді жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Екі факторлы аутентификация емтихандардағы бұзушылықтардың санын азайтуға көмектесуі керек.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір