11 Қазан, 2024 NEWS
Қазақстанда кейбір тұрғындар үшін газ 1,5 есе қымбаттауы мүмкін
Мәжілісте газ тұтынушылар үшін тарифтердің екі түрін енгізу ұсынылды. Яғни, газ белгілі бір нормаға дейін бір бағада болады, ал лимиттен асып кеткендер 1,5 есе артық төлеуі мүмкін.
Көрнекі сурет
8 қыркүйекте парламент мәжілісінде газбен жабдықтау және тауар газын үнемдеп тұтыну мәселелері жөніндегі заң жобасы ұсынылды. Жобаның негізгі бағыттарының қатарында тұрмыстық тұтынушылар арасында үнемдеп тұтыну жүйесін енгізу мәселесі де енген. "Тарифтердің екі түрі ұсынылады. Біріншісі-коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін газды тұтынудың шектеулі көлемі шеңберінде болса, екіншісі белгіленген нормалардан жоғары тұтыну кезінде пайдаланылады. Екінші жағдайда 1,3 (немесе 1,5) жоғарылату коэффициенті қолданылады. Осылайша, бірінші тариф орташа тұтынушылар үшін тұрақты төмен болып қалады. Осыған байланысты тарифтерді бекіту жүйесіне де өзгерістер енгізіліп жатыр. Бекітілген нормаларды арттыру коэффициентін Энергетика министрлігі бекітеді. Мұндай жүйе электр энергиясы үшін сәтті қолданылып келеді", - деді Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Смышляева.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір