• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 22:16:43
Алматы
+7°

11 Қазан, 2024 NEWS

Жітіқарада болған өртте 5 бала қаза тапты

Қостанай облысында жеке тұрғын үй өртеніп, салдарынан бес бала көз жұмды.

Көрнекі сурет

Бүгін таңғы сағат 04.29-да Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан шатыры опырылып түскен.

Оқиға орнына 7 минут ішінде құтқарушылар келіп жеткенше, үй толығымен отқа оранған. Өрт сөндірушілер тез арада өртті сөндіріп, үйінділерді тазартуға кіріскен.

Сағат 06:08-де өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді.

Апат кезінде үйде ересектердің қарауынсыз 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылғы кәмелетке толмаған балалар болған.

Өкінішке қарай, үйінділерді тазарту барысында бес баланың денесі табылды. Балалардың үлкені, 2011 жылы туған бала ғана аман, зардап шекпеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір