09 Қазан, 2024 NEWS
Экс-министр Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Ол қамауға алынғанға дейін ҚР Әділет министрі, Премьер-министр кеңесшісі қызметтерін атқарған
Фото: ашық дереккөзден
Сот қамауда ұстау мерзімін 19 қыркүйекте бірден үш айға ұзартты.
"Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты күдікті М.Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау шарасын 2024 жылдың 21 желтоқсанына дейін ұзартуға санкция берді", - делінген хабарламада.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше Марат Бекетаевқа қатысты қылмыстық іс тергеуі аяқталған. Қазір қылмыстық іс қатысушылары іспен танысып жатыр. Содан кейін іс сотқа жолданады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір