08 Қазан, 2024 NEWS
Көшпенділер ойындарына келгендер үздік бес тағамды атады
Отандық туроператорлар жасаған сауалнама бойынша қазақтың үздік бес тағамы анықталды. Сауалнамаға Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына келген қонақтар жауап берген.
Көрнекі сурет
Шетелдік қонақтардың есінде қалған тағамдардың бестігі асылған еттен басталады. Екінші орында – бауырсақ. Әсіресе шетелдіктер ши бауырсақты кәдесый ретінде көп сатып алған. Үшінші орында – қымыз, төртінші орында – құрт, бесінші танымал болған – шұбат.
"Еліміздің ұлттық тағамдары – тек тамақ қана емес, өткен мен бүгінді байланыстыратын мәдени көпір. Гастрономиялық турлар шетелдік туристердің Қазақстанға жасаған сапарларының маңызды бөлігіне айналды", – деді Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің ресми өкілі Айжан Жолдасбекова.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір