• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 22:29:42
Алматы
+7°

04 Қазан, 2024 NEWS

Қандай жағдайда АЭС бойынша референдум өтті деп саналады?

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров референдум қандай жағдайда өтті деп саналатынын түсіндірді

Көрнекі сурет

Бұл сауалға ол Орталық референдум комиссиясының (ОСК) отырысында өткен брифингте жауап берді.

-Егер референдумға дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың жартысынан көбі қатысса, ол өтті деп есептеледі. Дауыс беру тізіміне дауыс беруге құқығы бар 12 миллион 244 мың 683 азамат енгізілді, - деп жауап берді Константин Петров.

Еске салайық, 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Референдум 6 қазанда өтеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АЭС референдум

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір