• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 22:11:23
Алматы
+7°

03 Қазан, 2024 NEWS

Алматыда АЭС-тің салынуына қарсы шыққан алты белсенді қамауға алынды

Бұл туралы қоғам белсендісі Абзал Достияров Facebook-парақшасында айтты.

Көрнекі сурет

1 қазан күні түнгі сағат 22:00 шамасында сот отырысы өтіп, жексенбі күні ұсталған 6 белсендіні 2 айға қамауға алу туралы шешім шыққан.
Қамауға алынған Нұрлан Жаулыбаев, Нұрлан Темірғалиев, Жанат Қазақбай, Фазылжан Сыздықовтарды адвокат Төлеген Берліқожа қорғайтын болды. Ал Айдар Мүбараковты адвокат Ғалым Нұрпейсов қорғауына алды. Алтыншы адамның аты-жөні әзірге белгісіз. Ол Ерболат Әубәкіров болуы мүмкін деген де болжам бар. Себебі, жексенбі күні ұсталғанымен оның өзімен де, туыстарымен де байланыс жоқ.
Қамалған белсенділердің үшеуі 60-тан асқан егде жастағы кісілер. Олар: Нұрлан Жаулыбаев, Жанат Қазақбай және Фазылжан Сыздықов.
- 54 жастағы Нұрлан Темірғалиевтің де денсаулығы нашарлап емделіп жүрген екен. Денсаулықтары нашар, үнемі дәрі ішіп жүретін кісілерді үйқамаққа шығара ма деген үміт болған, - дейді қоғам белсендісі Абзал Достияров. 
Айта кетсек, жексенбі, 29 қыркүйекте Алматыда 12 белсенді жиналған. Олар Қазақстанда АЭС-тің салынуына қарсы шықты. Оның алтауы қолхатпен босатылса, алтауын полиция алып кеткен.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір