02 Қазан, 2024 NEWS
Алматылықтар су тарифінің күрт көтерілуіне наразылық білдірді
Қыркүйектен бастап су мен кәріз су бағасының қымбаттағаны алматылықтарды қуанта қоймаған. Бұған дейін суық суға 55 теңгеден төлеп келген тұрғындар тарифтің бірден 73 теңгеге өскеніне қарсы шықты. "Алматы су" мекемесінің мамандары бағадағы өзгерісті суды үнемдеп тұтынған тұрғындар байқамауы да мүмкін деп отыр.
Көрнекі сурет
Ал керісінше суды көп мөлшерде пайдаланған адамның коммуналдық төлемі де бірден екі-үш есеге артатын болады.
- 1 м³ – 55 теңге
- 3 м³ – 73,92 теңге
- 3 м³ – 5 м³ = 88 теңге
- 5 м³ – 10 м³ = 110 теңге
"Өткенде ғана жарықты көтерді. Енді судың бағасы дейді. Егер айлық көтерілсе, жарайды. Онда көтерілуі мүмкін болатын еді. Халықта қазір айлық төмен", – деді алматылық тұрғын.
Тұрғындардың бірі судың бағасын көтергенше, айлықты көтерсін деп талап етті. Олардың айтуынша, суға азаматтар 30 мың теңге төлейді.
Айта кетейік, қыркүйектен бастап жеке тұлғалар үшін тариф төрт топқа бөлініп есептеледі. Мәселен, айына үш текше метрге дейін тұтынатын болсаңыз бір адамға бір текше метр үшін 73 теңгеге жазылады. Ал үштен бес текше метрге 88 теңге болса, бестен он текше метрге дейін тұтыну құны 110 теңге шығады.
"Алматы су" МКК өтім департаментінің директоры Серік Шагиров суды үнемдеген тұрғындырға бұл әсер етпейтінін айтты.
"Қазір есептеуіш құрылғылары бар тұрғындар жеке меншік үй болсын, пәтер болсын кемінде 3 адам бар. Кейбіреуінде 3-4 адам болса, оның пайдалантын көлемі 1 айға 8-10 текше метрден асады. Сондықтан суды үнемдеп, ашып қоймау керек. Сантехникаларын бәрін дұрыстап, бабында сақтайтын тұрғындар еш әсерін тигізбейді. Судың көлемі әр адамға 3 текше метрден 9 текшеметр ең төменгі тарифпен төлейді. Келесі 2 текше метрден 6 текшеметр екінші тариф, келесі әр адамға 1 адамға 5 текше метр 3 топтамамен 3 адамға санағанда 15 текше метр. Бұл сомадан тыс пайдаланған судың көлемі ең қымбат тарифпен төленетін болады”, – деді Серік Шагиров.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір