• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:02:39
+12°

01 Қазан, 2024 NEWS

Талдықорғандағы саябақтан жеке тұлғаларға заңсыз берілген жер мемлекетке қайтарылды

Талдықорған қаласы прокуратурасы бастамасымен жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде Жетісу облысы Жер ресурстарын басқару департаментінің Жер кодексін бұзу фактісі анықталды.

Фото: ашық дереккөзден,

Атап айтқанда, 35,4 гектар аумақты алып жатқан орман қорының жерлері заңсыз түрде жеке меншікке берілген. Ал ол жерлер Талдықорған қаласының саябақ аймағында орналасқан.

«Жер кодексін бұзу фактісі анықталғандықтан, Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Талдықорған қаласы әкімдігінің жер учаскесін беру туралы қаулысын күшін жою туралы шешім шығарды. Аталған жер учаскелерімен байланысты сатып алу-сату, сыйға тарту және мұрагерлік құқығы туралы куәліктің барлығы жарамсыз деп танылды», — деп жазды АШМ баспасөз қызметінен.

Сот шешіміне қарсы жауап берушілер апелляциялық шағым берді. Жетісу облысының сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен апелляциялық шағым қанағаттандырылмай, бірінші инстанция сотының шешімі өзгеріссіз қалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір