• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:03:06
Алматы
+12°

27 Қыркүйек, 2024 NEWS

Сарбаз Ербаян Мұхтар Стамбулға емделуге жіберілді

Бұл туралы отбасының құқық қорғаушысы Инга Иманбай өзінің жеке әлеуметтік парақшасында мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөзден

Сарбазды емдетуге жақындары 27 қыркүйекте таңғы сегізде ұшаққа отырғызып жіберген.

Ербаян Стамбулға жолға шықты. Ұшақ бүгін таңғы сегізде Астанадан ұшты. Бұл күнге жету де оңайға соққан жоқ. Тоқтаусыз күрес, талмай еңбекпен келді. Бастысы, кеңпейіл халқымыздың мейірімі мен жанашырлығының жемісі. Ербаян, мықты бол! Бұл жартылай жеңіс! Бұйырса үлкен жеңістер алда. Сенің бар өмірің алда. Аман-есен елге өз аяғыңмен оралуыңды күтеміз,- деді Инга Иманбай.

Естеріңізге салайық, былтыр желтоқсан айында Алматыдағы 5571 әскери бөлімнің ұлттық гвардиясында қызмет еткен Ербаян Мұхтар коммаға түскен болатын. Әскери бөлімдегілер оның әжетханада құлап, басын плиткаға соғып алғанын айтып, бұл оқиғаны жазатайым жағдай деп түсіндірген. Алайда туыстары бұған сенбейді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мұхтар Ербаян сарбаз

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір