• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:58:13
Алматы
+12°

24 Қыркүйек, 2024 NEWS

Халықты төтенше жағдайдан дер кезінде қорғамағандарға қандай жаза қолданылады

Халықты төтенше жағдайлардан қорғау бағытындағы іс-шараларды орындамағаны үшін әкімшілік шаралар қабылданады. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында осындай мәлімет айтты.

Көрнекі сурет

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен министрліктің қарамағында Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылып, оған бақылау функциялары берілді. Енді халықты төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындамағаны үшін әкімшілік шаралар қабылданатын болады», - деді ол.

Шыңғыс Әрінов мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мүлікті төтенше жағдайлардан сақтандыру механизмі пысықталып жатқанын айтты.

«Өңірлерде қорғаныш бөгеттері мен дуалдарын тұрғызу және оларды нығайту сияқты алдын алу іс-шаралары жүргізілуде. Өзендердің қауіпті учаскелерінде су түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары іске асырылуда», - деді министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір