• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:12:34
Алматы
+12°

Амир Ташметов - мобилограф. Ол Ақтауда өтіп жатқан мобилография фестиваліне арнайы спикер болып келген. Оның айтуынша қазірдің өзінде электр энергиясын үнемдеу қажет. Сондай-ақ, ол АЭС болған жағдайда электр қуаты жеткілікті болуы мүмкін деп санайды, Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.

Мобилографтар фестивалі 22 қыркүйек күні қала күніне орай ұйымдастырылған.
Іс-шара заманауи және қызықты мамандық өкілдеріне арналған.

Спикердің айтуынша, мобилографтардың барлық жұмысы телефон және басқа техникалар арқылы жүзеге асады. Амир Ташметов қатысушыларға электр энергиясы болашақ ұрпақ үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

- Алматыда ауа ластанған, ал Ақтауда электр қуатымен жабдықтау желілерінде мәселелер бар. Біз электр энергиясын көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Өйткені қазіргі таңда энергия тапшылығы сезіледі. Бірақ бұл мәселе жақын арада шешіледі деп үміттенемін. Еліміз атом электр станцияларын салу туралы дұрыс шешім қабылдайды деп сенемін. Мен болашаққа зор үмітпен қараймын, - дейді Амир Ташметов.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Астана Амир Ташметов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір