• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 05:11:33
Алматы
+12°

Отбасы банк "Отау" және "Наурыз" бағдарламаларына қатысуға қосымша қабылдау 16 қыркүйекте басталып, 25 қыркүйекті қоса алғанға дейін жалғасатынын хабарлады.

Қатысуға өтінімді Баспана маркет порталында (otbasybank.kz) беруге болады.

Сондай-ақ енді "Отау" және "Наурыз" бағдарламаларының шарттары біршама жеңілдеп, бірізге түсірілді.

Енді Отау бағдарламасына қатысушылар үшін:

- салымды жинақтау мерзіміне шарттар қойылмайды, депозитті қатысуға өтінім бергенге дейін ашуға болады;

- несиенің максималды сомасы ұлғайтылды – Астана, Алматы қалаларында 36 млн теңге және басқа өңірлерде 30 млн теңге;

- Алматы және Астана қалаларында тұрғын үй сатып алу орны бойынша тіркелу талабы жойылды;

- халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы тұрғын үйге мұқтаж жан ретінде есепте тұрған адамдар үшін сыйақы мөлшерлемесі 7%-ға (ЖТСМ 7,3%-дан 8,9% дейін) дейін төмендетілді;

- Наурыз бағдарламасы негізінде екі бағдарлама бойынша ұпай есебі бірдей жүргізіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір