• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Қазан, 01:32:00
Алматы
+8°
 
Қазақстанның Украинадағы елшілігі ел азаматтарын Украина аумағынан кетуге шақырды. Бұл туралы елшіліктің ресми телеграм арнасында жазылған.
 
"Украинаның барлық аумағында азаматтық инфрақұрылым мен мемлекеттік нысандарға шабуылдардың күшеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Елшілігі өз азаматтарын Украинаға барудан бас тартуға, ал елде жүргендерді әуе шабуылы сигналдарына мұқият мән беруге және баспаналарда мен бомба баспаналарында болуға шақырады"- делінген хабарламада.
 
Сонымен қатар, елшілік Украинадағы қазақстандықтарға Украина аумағынан кету жағын қарастыруды ұсынды. Елшіліктің хабарлауынша, Қазақстан азаматтары Польша немесе Молдова аумағы арқылы Украинадан шығып, одан кейін коммерциялық әуе қатынасын пайдалана алады. 
 
Айта кетейік, 3 қыркүйекте Ресей әскері Украинаның Полтава қаласына шабуыл жасап, 51 адам қаза тапқан болатын. 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір