• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:56:42
Алматы
+12°

04 Қыркүйек, 2024 NEWS

"Орташа тозу деңгейі 65%": Еліміз жылыту маусымына дайын ба?

Қазақстанда ЖЭО қысқы жылыту мауысымына дайын ба? Мамандар биыл жылыту маусымына дайындық толық әрі тез өтіп жатқанын жеткізді. Алайда тозған ЖЭО 65%-ды құрайды.

Фото: ашық дереккөзден

Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары тұтынушылар үшін жыл соңына дейін әзірленетінін жеткізді. 

Энергетика министрлігінің мәліметінше, жылыту маусымына дайындық алдын ала басталған. Алайда бүгінгі таңда ЖЭО-ның орташа тозу деңгейі ел бойынша 65%-ды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2% жақсарған. 

“Ел бойынша үлкен мәселе тудырып тұрған ЖЭО жоқ. Теміртау, Жезқазған, Кентау, Риддер және Екібастұз ЖЭО-ға Энергетика министрлігі, әкімдіктер тарапынан жылу беру маусымына дайындауға аса назар аударылған”, – деді ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Илья Рожков.

2022 жылы Екібастұз ЖЭО-на болған ірі апаттан кейін Мемлекет басшысы проблемалық энергия активтерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарауды тапсырған болатын. Қазір Екібастұз, Риддер, Ақтау және Маңғыстау облыстарындағы ЖЭО коммуналдық меншікте. Әзірге Екібастұз ЖЭО-ны жөндеуге үкімет резервінен 30 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.

“Үкімет резерві есебінен 15 қазандыққа, сондай-ақ "Самұрықэнерго" қаражаты есебінен 12 қазандыққа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс кестеге сәйкес, артта қалмай үлгерудеміз”, – деді Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ержан Салханов.

Ал синоптиктер қыста, әсіресе елдің солтүстік және шығыс аймақтарында тұрақсыз және желді ауа-райын болжауда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір