• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:11:48
Алматы
+12°

04 Қыркүйек, 2024 NEWS

Атырау облысында референдумға қатысуға құқығы бар 391 937 азамат тіркелген

Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының мәліметінше, өңірде 9 аумақтық, 274 учаскелік референдум комиссиясы құрылған. Бұл комиссияларда 1974 мүшесі бар.

Көрнекі сурет

«Азаматтарға тиісті учаскелік комиссиялардың үй-жайларында тізімдермен танысу, сондай-ақ оларға енгізілген өздері туралы деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Референдум комиссиялары мүшелерін оқыту семинарлары ұйымдастырылатын болады. Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін тиісті жергілікті әкімдіктер дауыс беруге арналған нақты учаскенің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркеу негізінде жасайды», -деп хабарлады облыстық аумақтық комиссия.

Аумақтық комиссияның мәліметіне сүйенсек, облыстағы ауруханалар мен әскери бөлімшелерде, уақытша ұстау изоляторында 11 жабық учаске жұмыс істейді. Облыста биылғы 1 шілдедегі мәліметке сәйкес республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 391 937 азамат тіркелген.

«Азаматтардың тұрғылықты жері ретінде тұрақты тіркеу орны есептеледі. Уақытша тіркелген азаматтар тізімге өздері берген өтініш негізінде ғана енгізілуі мүмкін. Референдум өткізуді ұйымдастыру кезеңінде жергілікті атқарушы органдарға азаматтарды учаскедегі азаматтар тізіміне енгізу туралы хабардар ету үшін онлайн сервистер, Call-орталықтар, интернет-ресурстар ұйымдастыру ұсынылды», -деп мәлім етті облыстық аумақтық комиссиядан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Президент республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойған еді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Атырау референдум

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір