03 Қыркүйек, 2024 NEWS
Фотоколлаж
Тараз қаласында ер адам пышақпен автобус жүргізушісін жаралап, оқиға орнынан қашып кеткен.
Жамбыл облыстық полиция департаменті 1991 жылы туған Мақсат Мұқанов есімді азаматты күдікті ретінде танып, оған іздеу жариялады.
Полиция хабарламасында күдікті орта бойлы (168-170 см), тығыршық денелі, қара шашты, дөңгелек жүзді, қыр мұрынды, ерні қалың адам деп сипатталған. Үстіне қоңыр футболка, қоңыр шалбар киген, аяғында қара кроссовки. Полиция күдіктінің қолында пышақ болуы мүмкін екенін ескертеді.
Жергілікті журналист Нұрадин Ракай арнайы күдікті облыстық психикалық денсаулық орталығынан қашып кетті делінген науқас болуы мүмкін екенін айтады.
Алайда Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы мекемеден ешбір науқастың қашпағанын мәлім етті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір