• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:45:33
Алматы
+12°

Бишімбаев ісі бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған Бақытжан Байжановтың шағымы Жоғарғы сотта қаралмайтын болды. Бұған Байжановтың сот шешімін қайта қарау туралы кассациялық арызынан бас тартуы себеп болған.  Бұл туралы Жоғарғы сот мәлімдеді. 

"26 тамызда Байжанов сот актілерін қайта қарау туралы кассациялық өтінішін қайтарып алды. Өтінішті алдын ала қарау жүргізілмейді. Өтінішті қайтару туралы ресми қаулы 4 қыркүйекте шығады", – делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, Бақытжан Байжанов әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша айыпталғандардың бірі. Оған аталған қылмыстық іс бойынша "кісі өлтіру фактісін жасырды" деген айып тағылған болатын. 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір