• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 14:15:03
Алматы
+12°
 

Алматы облысында "Мектепке жол" науқаны жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 14 мыңнан астам балаған көмек берілген.

Облыстық білім басқармасының бас маманы Думан Даулетханұлының айтуынша, өңірде 432 мемлекеттік мектеп бар және онда білім алатын 50 мың бала әлеуметтік көмекке мұқтаж. Басқарама өкілі биыл осы оқушыларға көмек көрсетілетінін айтты.

Ал облыстық білім басқармасының "Орта білімді дамыту" бөлімінің бас маманы Айымгүл Саинқызы биыл әр балаға оқу құралдарын алуға қаржы бөлінгенін атап өтті. Материалдық көмек көлемі соңғы 3 жылда 2,5 есе артып, 17 мың теңгеден 43 407 теңгеге жеткен.

– Облыста жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға, әлеуметтік аз қамтылған және төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен отбасыдан шыққан 14 012 баланың заңды өкілдеріне 608,2 млн теңге аударылды. Материалдық көмекті алу үшін әр ата-ана мектеп директорының атына өтініш жазу қажет, – деді Айымгүл Саинқызы.

"Мектепке жол" науқаны 20 тамызға дейін жалғасады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір