• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:21:54
Алматы
+12°

Мектепте білім алып жатқан балалар үшін қолайлы орта мен білім алуға деген мүмкіндіктің болуы маңызды. Десе де, ата-ана баласының денсаулығын да ұмытпаған абзал. Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық денсаулық сақтау орталығы мектеп оқушыларының ата-анасына оқу жылында балалардың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша ұсыныстарын айтты. 

Мектеп сөмкесі немесе рюкзактың салмағы бастауыш сынып оқушылары үшін 700 грамнан, жоғары сынып оқушылары үшін 1000 грамнан аспауы керек.

"Гаджеттердің көру қабілетіне және зейін қоюға кері әсерін ескере отырып, смартфондар мен басқа құрылғыларды пайдалану уақытын қысқарту ұсынылады", – деді министрлік.

Санитарлық ережелерге сәйкес компьютерлік сабақтардың уақыты 5 минуттан аспауы керек:

мектепке дейінгі, мектепалды даярлық топтарында (сыныптарда) және 1-сыныпта – 15 минут;

2-3 сыныптарда – 20 минут;

4-8 сыныптарда – 25 минут;

9-11 (12) сыныптарда – 30 минут.

"Аурулардың алдын алу үшін жеке бас гигиенасын және айналаның тазалығын сақтау қажет. Балаларды антисептиктермен қамтамасыз етіңіз. Олар тек қолдарын ғана емес, жиі қолданатын заттарын – смартфондарды, портфельдің ұстайтын жерін де үнемі сүртуі керек", – деді дәрігерлер. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: мектеп сөмкесі оқушы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір