29 Тамыз, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалдыға сот үкімі шықты.
Гүлмира Сатыбалды 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оған мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.
Ал Гүлмира Сатыбалдының көмекшісі Мәди Батыршаев 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Еске сала кетейік, Гүлмира Сатыбалды қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (бас бостандығынан заңсыз айыру), 389-бабы 4-бөлігі (өзінше билік ету), 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (қорқытып алу) бойынша айып тағылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір