• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 22:34:21
Алматы
+7°
 

Әлеуметтік желіде ресейліктер Оралға жаппай көшіп келіп жатқаны жөнінде бейнежазба тарады. БҚО полиция департаменті ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желіде 26 тамызға қараған түні Оралға Ресейден босқындар үш автобуспен келгені туралы бейнежазба кеңінен тараған.

"Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Шын мәнісінде бұлар – Ресей Федерациясындағы ЖОО-ларға түскен БҚО мектептерінің түлектері. Атап айтқанда, бейнежазбаға Қазанға бара жатқан абитуриенттер (135-тей адам) түскен. Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Заңына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз", деп хабарлады ведомство.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір