26 Тамыз, 2024 NEWS
Көрнекі сурет
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 8,5%-ға өседі. Тиісті өзгеріс 2025-2027 жылдардағы республикалық бюджет жобасына енгізілген.
Оған сай, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 28 215 теңгеден 32 360 теңгеге көтеріліп, зейнетақының төменгі мөлшері 62 771 теңгеге жетпек. Қазір ол 57 853 теңге.
Одан бөлек келер жылға жалақының ең төмен мөлшерi 85 мың теңге, айлық есептiк көрсеткiш 3 932 теңге, ең төменгі күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 46 228 теңге болып белгiленбек.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір